veranika25
15.09.2022 18:51

2. Бірге, бөлек, дефис арқылы жазылатын сөздерді ажыратып, үш бағанға бөліп жазыңдар. Абыр (күбір), авиа (апат), авиа (зауыт), авто (бекет), авто (жол), ағайын (жегжат), ағаш (үй), ағаш (тарақ), ағаш (көмір), ағып (таму), адал (ақы), адам (күн), адам (сағат), азу (ағаш), азу (тіс), айыл (тартпа), айыр (көмей), ақ (бата), ақ (бидай), ақ (бөкен), ақ (желек), ақ (жол), алма (ағаш), алма (кезек), арпа (бидай), арпа (шөп), ауыз (су), ауыз (үй), ашық (хат), аэро (су- рет), аэро (флот), әзіл (ажуа), әлде (бір), әр (кез), әр (қашан), әулие (әнбие), алмалы (салмалы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Rostislav200353
31.10.2021 09:48

Жалпы, Жер жүзінде  6000-нан астам тіл болса, оның ішінде қолданыстағы мемлекеттік статусы бар тілдер және жойылу алдында тұрған сонымен қатар атауларын тек тарихтың көне ақпараттарынан көз шалып қалатын,  бүгінде  жер бетінде жоқ тілдер де бар. Сонымен қатар, «мемлекеттік тіл» мәртебесіне ие болғанымен, статусына сәйкес құрметке ие бола алмай келе жатқан тілдер  де бар.   Тіл тағдыры ел тағдырымен біртұтас болғандықтан, тілдің мәңгі жасауы халықтың ұлттық құндылықтарын жоғарғы дәрежеде дәріптеуімен сипатталады.Дербес еліміздің тарих тамыры тереңге бойлаған, қасиет оты еш сөнбес ұлттық тілі  әр қазақ патриотының жүрегінде сөйлеп тұр.

Қасиетті тіліміздің жоспарлы саяси даму, халқымыздың тілдік құқығын қорғау бастамасы, көркем әдебиет пен ісқағаз тілін қалыптастыру жұмыстары Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов сынды зиялыларымыздың ерен еңбегінен бастау алған. Заман қысымына орай, ұлт болашағы бұлыңғыр тартқан шақта, ұлттық тіліміздің тағдырын шешуде зиялыларымыз ұсынған жол айрықша болды.Сол себептен, тіліміздің бүгіні мен болшағын бағамдау үшін осы жолды сабақ ала жалғастыруымыз қажет.

0,0(0 оценок)
Ответ:
AlecL
04.04.2023 00:51

Объяснение:

Мәңгілік ел – мәңгілік тіл.

Тіл мемелекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір — қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін – келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тілсіз – тәуелсіздік, егемендіксіз – тіл болмақ емес. Тіл тәуелсіздіктің қуаты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемелекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тілі – қазақ тілі деп жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы – қазақ тілінде», — деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш – жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды.

Тәуелсіз Қазақстанның болашағы – біз, яғни қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Осы тұста Елбасының «Қазақ пен қазақ қазақша сөйлессін», — деген ұлағатты сөзін ескермей кету мүмкін емес. Тәуелсіздік алғалы бері тіл саясаты жүргізілуде. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс – шаралар ұйымдастырылуда. Нәтижелері де аз емес. Осындай іс – шараларға өз үлесімді қосу мақсатымда төл шығармамды тарту етемін

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота