Табиғат жаратылысы өзіне тән жыл он екі ай төрт мезгілмен ұштасады. Әр мезгіл өз сұлулығымен таңдай қақтырарлықтай. Мысалы қыс - мамықтай жұмсақ, кіршіксіз таза көңілдей аппақ қарымен көрікті болса, ал көктемде жылғалардан су ағып, өсімдік атауы бүршік атып, ағаштар ақ гүлден моншақ тағынады, төрт-түлікте төлдеп тіршілікке жан бітеді. Айналасын жасыл кілемге төсеп дала біткенді суға жүгіртіп, қарынын үзілген жеміске тойдырған жаз да бар.Ал мен үшін орыны бөлек, жаныма жақын - күз мезгілі. Иә, көне шаһар төріне өзімнің басқа маусымдарға ұқсамайтын келбетімен күз де келіп жетті. Сары жапырақ қоңыр салқын ауа-райы, жабырқаулы көңіл-күй, қара суық жер күзге тән қасиет.Мектепке асыққан бала, қоймасын астыққа толтырған диқаншы, қыс азығын жинаған шаруа, еңбекпен біте қайнасқан тірлік күз мезгіліндегі қызықты жайттар. Сондықтан күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің мезгілі болып саналады.
--Наурыз мерекесі жылдың қай мезгілінде тойланады? --Наурыз мерекесі көктемде тойланады. --Наурыз қандай мереке? --Наурыз көңілді мереке.Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді.Наурыз достықтың, бейбітшіліктің мерекесі. --Бұл мерекеге адамдар қалай дайындалады ? --Бұл мерекеге адамдар әртүрлі тағамдар дайындайды.Дастарқанның басты тағамы Наурыз көже. --Мерекені адамдар қалай тойлады? --Бұл мерекеге киіз ұйлер құрылады би биленіп, ән шырқалады. --Саған Наурыз мерекесі ұнай ма ? --Маған Наурыз мерекесі өте ұнайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку