Денсаулық - бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның негізгі байлығы. Жақын және қымбатты адамдармен кездескенде және қоштасқанда біз оларға мықты және зор денсаулық тілейміз, өйткені ол – бақытты және толымды өмірдің кепілі және негізгі байлығы. Денсаулық бізге жоспарларымызды орындау, өмірдің негізгі мәселелерді табысты шешу, қиыншылықтардан өту, керек болса, едәуір ауыртпалықтарды көтеруге көмектеседі. Адамның ақылымен нығайтылып және сол қалпында сақталып отырған, зор денсаулығы, оған ұзақ және белсенді өмірді қамтамасыз етеді.
Туған жер... Осынау бір өзіңді еліктіріп әкетерлік сөздің мағынасы қандай тереңде жатыр десеңізші, шіркін... Дүниеге шыр етіп келген сәттен ата-анаң жүрегіңнен ойып тұрып орын алатын болса, ес жиып, былдырлап тілің шыққан кезде жаныңа жақыны – туған жер. «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас» деген халық даналығы осы тұста тауып айтылғандай. Әлемнің қай түкпірінде жүрсеңіз де, кіндік қаның тамған жердің ауасы ерекше, желінің лебі ыстық емес пе?! Отанға деген сүйіспеншілік әрбіреуімізді үлкен істерді атқаруға, биік шыңдарды бағындыруға жетелейді. Бойыңды кернеген қажымас қайрат пен кең көңіл қиындыққа мойымай, өз жолыңды табуда басты қызмет атқарады. Туған жеріңнің өркендеуі мен дамуына, гүлденуіне бала күннен титтей болсын үлес қосу – біздер үшін үлкен нәтиже.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку