qwdv
04.04.2021 19:11

Төмендегі тақырыптардың бірін таңда. Постер құр. Оны сы-

нып алдында айт. Сөзіңде болжалдық сан есімдерді қолдан.

1. Мен армандайтын мектеп

2. Фантастикалық шығарманың ерекшелігі

3. Т. Сұлтанбеков балалар жазушысы

4. Инновация – тарих пен инновацияның болашақтың алтын көпірі

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ПЁЁСИКК
01.06.2021 02:25

мамыр жайлы диалог . - Алихан , сенің сүйікті мейрамың қандай ? - Мадина , мен барлық мерекелерлі де жақсы көремін . Дегенмен , екі мейрамды аса қатты асыға күтемін : бірі – Наурыз мейрамы болса , екіншісі — 1 мамыр мерекесі . - Наурыз - жыл басы , ол түсінікті . Ал бірінші мамыр мерекесін не үшін жақсы көресің ? - Себебі , бұл мереке ірі мерекелердің бірі , сонымен қатар ел ішіндегі ұлтаралық келісім мен өзге ұлттардың бір - біріне деген сый - құрметін арттырып , татулықты , бірлікті , ортақ құндылықтарды насихаттайтын мереке . - Ия , сенімен толықтай келісемін . Бұл мерекенің де маңызы зор екен . « Бірлік болмай , тірлік болмас » деп аталарымыз бекер айтпаған ғой . - Дұрыс айтасың , бұл ретте ешбір елде болмаған ерекше , саяси маңызы зор құрылым — Қазақстан халықтар ассамблеясы да үлкен рөл атқарады . Еліміздің республикалық , өңірлік , облыстық , қалалық ұлттық - мәдени бірлестіктері кіші ассамблея мүшелерінің бастарын біріктіріп , біздің ортақ үйіміз – Қазақстанда шынайы достықты қамтамасыз етіп келеді . - Шынымен де , әрбір ұлттың рухан құндылықтары мен ұлттық салт - дәстүрлерін насихаттап , келер ұрпаққа саналы тәрбие беруде бұл мерекенің маңызы мен алар орны ерекше екен . - Мереке қарсаңында қандай тілек білдіруші едің ? - Бейбіт еліміздің тыныштығы мәңгілік болып , көк аспанымызда тек бейбітшілік құсы қалықтасын !

Объяснение:

Вот

0,0(0 оценок)
Ответ:
ДайОтвет2281
31.03.2021 12:52

«Артық ғылым кітапта...»

Ұлы Абайдың өмірі мен асыл мұра­сын насихаттау Қазақстан Республика­сы­ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына орай өткен жылы жаңаша сипат алды. Мемлекет бас­шысының тікелей өзі қатысып, елі­мізде ғана емес, шетелде де қолдау тап­қан ақын өлеңдерін оқу акциясына алғаш­қы күннен бастап Ұлттық кітап­хана да белсене атсалысып келеді. Әсі­ресе біздің ұжымның өткен жылдың тамыз айында Афинада өткен Дүниежүзілік кітапханалық және ақпарат­тық конгресс аясында «Абай – Ұлы даланың ақыны» атты әдеби кеш ұйымдас­тырғанын атап айтар едім. Салтанатты шара еліміздің Грекиядағы елшісі А.Ю.Волковтың құттықтау сөзімен ашылды. Жиналғандар ұлы ақынның өмір жолы және асыл мұрасымен таныстырылып, экран арқылы арнайы көрсетілім (слайд-шоу) ұсынылды. Абай Құнанбайұлының әлем тілдеріндегі өлеңдері оқылып, «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, Қаламқас» әндері шырқалды. Грек елінің Ұлттық кітапханасының алтын қорына және қазақстандық елшілікке Абайдың 1909 жылғы тұңғыш жинағының көшірмелері мен ақын шығармашылығы жайындағы кітаптар сыйға тартылды.

RUB 5.74 USD 426.14 EUR 517.08

қaзaқшa

Абай • 03 Наурыз, 2020

«Артық ғылым кітапта...»

3586 рет

көрсетілді

Egemen Qazaqstan

Коллажды жасаған Амангелді Қияс

«Абай – Ұлы даланың ақыны» әдеби кешінің ежелгі грек жерінде, ұлы ойшылдар Гомер, Сократ пен Аристотельдің елінде өтуінің де ұрпаққа тәрбиелік та­ғы­лымы терең оқиға екені даусыз. Адамзат өркениетінің қазақ халқының бай рухани мұрасымен іс жүзінде хакім Абайдың арқасында танысқаны мәлім. Сондықтан осы сапарда да біз ұлы ақын­ның өмірі мен шығармашылығын, дана ойлары мен дара көзқарастарын шетелде мейлінше кең тарату ісіне нақты үлес қосу мақсатын көздеген едік. Ал дүние жүзі кітапханаларының жетекшілері бас қосатын халықаралық конгресс Абай мұрасын насихаттау үшін таптырмас мүмкіндік болатын.

Төл шығармаларында ежелгі заманды, көне тарих пен ескінің сөзін оқтын-оқтын тілге тиек ете отырып, хакім грек хал­қының рухани тәжірибесін зерде­лейді. Ежелгі эллиндердің өнері, философиясы мен тарихы туралы өлеңдерінде, әсіресе қара сөздерінде айтқандары – оған грек классикасының рухы жақын әрі түсінікті болғанының айғағы. Абай өзінің «Жиырма жетінші сөзінде» сұхбатқа қатысушылардың бірінің атынан былай дейді: «Гомерге бәйітшілігі себепті, Софоклге трагедиясы себепті, яғни бі­реу­дің сипатына түспектік, Зевксиске суретшілігі себепті таңырқаймын».

Ұлы даланың көшпелі әлемі «Одис­сея» поэмасында қарсылас жақтың құн­ды­лықтарына шынайы адамгершілік тұр­ғысынан баға беретін Гомерге де белгілі болған. Грек ойшылының дана­лы­ғы сонда, ол сақтардың аң стилі дәс­түрінде дүниеге келген көшпелі елдің өнер туындыларын мадақтай отырып, қайшылықтардың тігісін жатқызуға, жуыс­пас жақтарды жақындастыруға тырысады. Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп, Және сүй хақ жолы деп ғаділетті» деген терең адамгершіл өсиет қалдырған Абайды бүгінгі ұрпақтары ұлттар мен ұлыстар арасындағы зор мәмілегер ретінде құрмет тұтамыз.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота