Менің нағашы атамның өмірбаяны.
Менің әжемнің әкесі яғни менің нағашы атам Әбдіхалық Асанов соғыс ардагері,бірнеше орден мен медальдардың иегері.Әбдіхалық Асанов 1902жылы дүниеге келген.1912-1915 жылдары ауылда оқып хат таныған.Жастайынан еңбекке араласып,сол кездегі колхоз бірлестігінде еңбек еткен.Ата-анадан 2ұл,1қыз болып,қарапайым шаруа жанұясында тәрбиеленген.1941жылы алғашқы қарулы күштермен бірге,Отан қорғауға соғысқа аттанған.1945жылы соғыс аяқталғанда,жеңіспен елге келген.Артынша әскер қатарына қайта шақырылып Жапон соғысына қатысқан көрінеді.Елге 1947жылы оралып,менің нағашы әжеммен отау құрған.Соғыстан оң қолының саусақтары жоқ болып мертігіп қайтқан.1950жылдан бастап Невтобаз мекемесіне жұмысқа орналасып,еңбек еткен.Әжем екеуі 2ұл,3қыз, өсіріп ер жеткізген.Атам өте қарапайым,ақ көңіл,қазақы болған.Тыным таппайтын адам болған көрінеді.1965жылдары зейнетке шықсада еңбек өтілін жалғастырған.Қолының бос кездерінде жеміс-жидек,бау бақша өнімдерін егумен айналысқан.1970 жылдары зейнетке шығып,мал бағумен айналысқан.1975жылы 73жасында дүниеден өткен.Мен нағашы атамды мақтан тұтамын.Ұлы Отан сөғысына қатысып,менің осы бейбітшілік өмірде өмір сүруіме жағдай жасап кеткені үшінде,басымды иіп тағзым етемін.Ол кісінің медальдары мен ордендері өз әжемнің сандығында сақтаулы.Әжем маған көрсетіп:Сенде атаңдай мықты бол балам,-деп батасын берді.Біз ата-әжелеріміздің өмірінің жалғасымыз.
ответ:Қазіргі кездегі автокөлік түрлері.
Көлік мемлекеттік және халықаралық еңбек бөлінісінің материалдық негізін кұрайтын салалардың бірі екендігі барлығымызға мәлім.Көлік жүйесі басқаларына қарағанда үлкенірек.Себебі,бұл жүйеге барлық байланыстар,көлік түрлері,құралдары мен кәсіпорындары кіреді.Көлік жүйесін дамытудың, әсіресе аумағы үлкендеу елдер үшін маңызы ерекше.Ғылыми-техникалық революция көліктің барлық түрлерінің карқындырақ дамуына негіз болды.Әсіресе,автокөліктердің күннен күнге әдемірек,жылдам және сапасына қарай қымбаттаулары шығып жатыр.Олардың жүз мыңдаған маркалары мен түрлері бар десек,қателеспейміз.Мысалы,жарыс автомобилі жүк автомобиліне қарағанда жылдамдау және шағынырақ келеді.Керісінше,жүк автомобилі үлкен әрі бірнеше дөңгелектері болады.Қазіргі күнде адамдар өзі қалаған автомобильдің кез-келгенін сатып ала алады.
Объяснение: