
Объяснение:
Биыл Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін арнайы құрылған комиссия дайындық жұмыстарын бастап кетті. Мемлекет көлемінде және халықаралық деңгейде ауқымды іс-шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бірақ мұның бәрі той тойлау үшін емес, ой-өрісімізді кеңейтіп, рухани тұрғыдан дамуымыз үшін өткізілмек. Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды. Өткен жылы Абайдың шығармаларынан үзінді оқу эстафетасы өтті. Ләйлім атты оқушы қыз ұсынған бұл елдік шараға мен де қатысып, қолдау көрсеттім. Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты.
Источник: https://e-history.kz/kz/news/show/94/
© e-history.kz
Асыққан жолаушы атына теріс мінеді.
Үлкен кісілер «Асыққан жолаушы атына теріс мінеді» деп жатады. Бұл мақалдың «жаны» бар деп білемін. Асыққан адам жан – жағына қарамастан, асығыс үстінде не істеп, тіпті қандай киім киіп бара жатқанына назар салмайды. Мысалы, сіздің басыңызда, асығып үйден шыға бергеніңізде аяғыңыздағы үйдің тәпішкесімен шығып бара жатқаныңызды байқадыңыз ба? Менде мұндай жағдай жиі орын алып тұрады. Ал мұндай жағдайлар орын алмауы үшін шаруаларыңды алдын – ала ойластырып, барлық керекті заттар мен киімдерді дайындап қойған дұрыс деп ойлаймын.