Дәрігер болғым келеді.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.
Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.
Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.
Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!
Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.
Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.
Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.
«А ң табиғатсыз күні жоқ,оны айтуға табиғаттың тілі жоқ» деген киелі ұғымның астарында қаншама ойлар жатыр. «Өсімдік,орман, табиғат» деген ұғымдар адам өмірімен тығыз байланысты. Өйткені адам өмірінің негізгі тіршілік көзі табиғат деп айтатын болсақ ешуақытта қателеспейміз. Біз өзімізге қажетті дүниенің барлығын осы табиғаттан алып отырмыз. Кең байтақ еліміздің жерін орманды алқаптар, жазық далалар мен шөлейттер алып жатыр. Соның ішінде ең аз көлемді жерлерді ормандар қамтиды. Осындай қасиетті де киелі жасыл желекті сақтап қалу үшін елмізде арнайы орманшаруашылық мекемелері құрылған. Бұл мекемелер ормандарды сақтап қалумен қатар оның өсіп-өнуіне өз үлестерін қосып келеді. Біздің тұрып жатқан жеріміз Үлкен-Түкті деп аталатын орманшаруашылық мекемесі. Бұл жердің табиғатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Табиғаты сұлу да көркем, ауасы таза, орман ішіндегі сылдырап аққан бұлақ сулары өте мөлдір де тұнық. Орманды алқаптарда негізінен қылқанжапырақты қарағай, қайың аралас терек, талдар мен жеміс беретін бұталы өсімдіктер өседі. Ормандарда негізінен жабайы аңдар мен жануарлар, құстар мекендейді. Жасыл желектің одан әрі көбейуіне біздің де мекеме қызметкерлерінің еңбегі зор.Олар ормандардың өрттен сақталуын, заңсыз кесілуін қатаң бақылау үстінде. Осы орасан зор байлықты сақтап қалуға әрқайсымыз атсалысып, түсіністікпен қарауға міндеттіміз.Әсіресе, орман ішінде демалыс ұйымдастыру кезінде, саяхатқа шыққанда, жидек пен саңырауқұлақ теретін кездерде өте абай болған жөн. Өйткені біз өз ұрпағымыздың болашағын ойлауға тиіспіз. Жер ананың осыншама берген байлығын көздің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа аманат ету әрбір адамзаттың үлкен борышы.
Табиғатты аялап, қастерлей білейік, достар!