Сәлем Ақтан жас, мен сені әдебиет пәнінен білдім. Сен жастайыңнан жетім қалсаң да, өз ойыңды алға жетелеп, алға қарай ұмтылдың. Сен мықты баласың. Дулат атам да саған осы өскенде батыр болсын деп өз батасын берген болатын. Иә, кейбір адамдардың өмірге деген көзқарасы әртүрлі болады. Олар жетім қалдым деп. Өмірден түңіліп, өмірден күдерін үзеді. Ал сен жарадың. Жетім болсаң да тағдыр ға мойынсұнбай, алға қарай ұмтылдың. Ақтан өз өзіңе әрқашанда сенімді бол. Мен сенімен мақтанамын
Имаш- Бауыржан Момышұлының атасы, орта бойлы, орақ мұрын, от жанарлы, шымыр шал Имаш 1911 жылы 92 жасында дүниеден өткен.Қызтумас – әжесі, ертегіші, салт жоралғыны көп білетін, ел анасы.Момыналы – Бауыржанның әкесі, жұрт Момыш деп кеткен. Жасынан өлеңге жақын, еті тірі,орысша хат таныған.ағаш ұста, зергер, етікші, аймаққа әйгілі сыйлы адам.Рәзия – Бауыржан Момышұлының анасы,Байтана руынан Әбдірахманның қызы, Бауыржанның үш жасында қайтыс болыпты.Момынқұл – әкесінің кенже інісі, ұзын бойлы, дөңгелек қара көзді, кертпе мұрындау, астыңғы ерні дүрліктеу, аққұба жігіт.Қыңыр мінезді, епті, алаңғасар, қаракүш, "Таубұзар", әжесінің айтуынша Серкебай нағашысына тартқан.Төлебай – Момыштың ағасы, ұзын бойлы, кең жауырынды, тәмпіш мұрын шал, Құрмангүл деген қызы қалды.Үбіш – Рәзияның тұңғышы, Үбиан, Сәлима, Әлима– Бауыржан Момышұлының әпкелері.Серкебай – әжесінің інісі, нағашысы, алпысқа келіп қалған, күрт мінез ашуы адырайып тұрған қатал кісі. Етсіз қыр мұрыны, қысыңқы көз, ашаң жүзді, қияқтай мұрты екі езуін жиектеп, селдір ұзын сақалы кеудесіне түседі. Айналасын айбарымен меңдеп алатын өркөкірек, ескі дәуірдің қатал әміршісіндей.Қожамқұл – ауылдағы жалғызбасты жарлы адам. 1916 жылы қара жұмысқа алынды.Орманқұл – Бабастың кенжесі, орта бойлы, атжақтау,қалың қара қасты, мұнаркөз, қыр мұрын, қара мұрт, қабасақал жігіт, күйші.