playerkeks
29.04.2022 00:22

Қазақ тілден көмектесіндерш

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
соня177
02.01.2023 07:52

Мен Махамбеттің ерлігіне қайран қаламын.Өйткені, қалам мен қылышты өзіне серік еткен ерекше, біртуар тұлға.Махамбеттің өлеңдері адамдарға рух пен жігер береді.Əр өлеңінен қайсарлық пен ер азаматтық ерлікті көре аламыз."Махамбет-Абайға дейінгі ақындардың ақыны, Абылайдан кейінгі батырлардың батыры, Махамбеттің есімі-өмірдегі қасіреттің символы.Махамбет өлеңі қайталанбас, құдіретті.Шығармалары тап-таза қорғасыннан құйылған ап-ауыр асыл сөз, басқа жер бетіндегі елдің өлең-жырында жоқ" деп Қабдолов өзінің сыни пікірін айқын дәлелдеген.

Махамбет өлеңдерінде халқымыздың өзіндік болмысы, қайсарлығы қазақ халқының рухын көтереді.Мысалы, "Бағаналы терек" өлеңін алсақ.Əрбір буыны мен бунағы, əрбір тармағы мен шумағы қайсарлықты айқындап көрсетеді.Исатай өлгеннен кейін, күрес арқылы жетеміз деген мақсаты орындалмай, көтеріліс жеңілген соң патша саясаты халықты бұрынғыдан бетер езіп, ел басына ауыртпалықты күшейте түсті.Ол осы өлеңі арқылы тек қана қарағайдай өз қамын ойлайтын адам дүниеге келгенше, емендей елінің қамын жасайтын, еліне көмек қолын созатын адамның өмірге келгені, өмір сүріп жүргені артық деп нық басып ащы шындықты айтады.Осы шығарма арқылы келер ұрпаққа үлгі-өнеге болсын деп жазып қалдырған.Дауылпаз ақынның осы өлеңінен халық кегін алатын, теңдікті сұрайтын ұлды армандағанын көруге болады.Бұл мына өлең шумақтарында көрсетілген:

"Ханнан қырық туғанша,

Қарадан бір-ақ тусайшы,

Халықтың кегін қусайшы.

Артымыздан біздердің,

Ақырып теңдік сұрарға".

Міне, Махамбет ақынның осындай рухты, өткір жырлары мен өлеңдері халықтың рухани азығы, ұрпаққа мұра болып қалды.

Объяснение:

...

0,0(0 оценок)
Ответ:
mishinevav
26.11.2020 12:17
Қазақ музыка өнерінің ең алғашқы туындылары



Шок! Внук Назарбаева назначен И.О

Айсултан Назарбаев теперь...

ПОДРОБНЕЕ



Тарзан опозорил Королеву перед всей Россией

Любимый опозорил свою суженую...

ПОДРОБНЕЕ

livesmi.net

Халқымыздың бала дүниеге келген күннен бастап өмірінің әрбір маңызды кезеңінен әнмен әрлеп, күймен көмкеріп, көңіл көтеру, болып жатқан оқиғаны ерекше мәнді ету әдетке айналған. Шілдехана, тұсаукесер, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу, қыздардың құлағына алғашқы сырғасын тағу, болашақ қалыңдыққа құда түсіп, сырға салу, келін түсіру, қыз айттыру, ұлыстың ұлы күні, Ораза айт, Құрбан айт секілді мейрамдардың барлығы да музыкасыз болмаған. Бұл мерекелердегі музыканың әлеуметтік мәні халықтың көңілін көтеру, қуанышты думанға айналдыру, сонымен қатар балалар мен жастарды тәрбиелеу, мысалы, әрбір әнмен әрленген жыр, терме сөзбен астарласып, адамның есінде сақталуына да септігін тигізеді. Жалаң сөзден гөрі әнмен қоса айтылған өлең сөз көңілге орнығып, көкейге қонымды келетінін халық жақсы аңғарған.

Музыка өнерінің адамның сезім әлеміне әсерін ежелгі дәуірде-ақ халық жақсы біліп, оны тұрмыста пайдаланған. Музыканың алғашқы туындысы сөзді дыбыстаудағы әуезділік болса, оны бір сәт ұзағырақ уақыт аралығында дыбыстап соза түскенде әуен пайда болады. Сөз бен әуеннің осы түйіскен тұсын алдымен малды шақырғанда, мысалы, сиырды аухаулағанда, түйені көс-көстегенде, жылқыны құру-құрулағанда, қойды түшәйттеген де. Ал табиғат қойнауында адасқан екі адам бірін-бірі шақырғанда айқайлап қатты дыбыстаған. Бұларды музыкалық дыбыстардың алғашқы элементтері деуге болады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота