9-тапсырма. Райханның күнделігін оқы. Осы күнделікті үлгі ретінде пайдаланып кешегі күнді қалай өткізгенніңди жаз. 2016 жылғы 12 шілде
Күнделік жазбағаныма екі-үш күн болды. Оның себебі бар. Мен кеше Алматы қаласына қыдырып келдім. Алматыға пойызбен келдім. Атырау мен Алматының арасы алыс қой. Жолда күнделік жазуға мүмкіндік болмады.
Бүгін қыдырдық. Алматы қалай өзгеріп кеткен. Алматыға осыдан екі жыл бұрын келгенмін. Одан бері қала тағы үлкейіпти. Көптеген жаңа ғимараттар салыныпты. Алған әсерімди сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Ертең Медеуге барамыз. Қалғанын ертең жазамын