Қоғам Домбыра туралы сөз бастағанда философ-ғалым, бірінші ұстаз Әл-Фараби де еске түседі. Оның алғаш ғылыми еңбегін домбыраны зерттеуге арнағанын да бірі білсе, бірі білмес. Домбырамен Әміре ән орындады, Дина күйін күмбірлетті, талай термеші толғауын төкті, жыршы жырын жырлады. Парижде Әмірені әлемге танытқанда диапазонды дауысқа демеу болған да осы домбыра емес пе еді?! Күні кеше «Ұлытау» тобы Адай күйін орындағанда алты қыр емес, мұхиттың арғы жағы тікесінен тік тұрып, қол соқты.Домбыра қазақтың ұллтық, танымал аспабы.Домбыра арқылы неше түрлі адамдар танымалда болған. Сол себепті домбыраны қастерлеу керек. Бабамыздың мұңы сенсің домбыра.
үркістан – күллі түркі халықтарына ортақ, әлемге әйгілі қасиетті де киелі мекен. Бұл ең алдымен Ислам дінін таратушыларының бірі, сопылық ілімнің негізін қалаушы, ғұлама дегдар, әулие тарихатшы, ақын, философ Қожа Ахмет Яссауи бабамыз жерленген өңір.
Түркістан – араб, қытай, парсылар мен еуропалықтар көз тіккен "Ұлы жібек жолының" ортасындағы ең үлкен қала, күллі түркі жұртының тарихи астанасы.
Түркістанда жүздеген хандарымыз бен билеріміздің, батырларымыз бен ақындарымыздың, әулие-әмбиелеріміздің мазарлары бар. Бабалар сөзімен айтқанда Түркістан – түмен бап жатқан киелі қабірстан.
Объяснение: