Астана қаласының қоршаған ортаны қорғау мекемесі жыл сайын «Табиғат сұлулығы әлемді сақтайды» деген тақырыпта балалар шығармашылығының байқауын ұйымдастырады. Есілдің сол жағалауына жиылған жас өрендердің барлығы Астананы кішкентай да ұшқыр қиялдарымен көркемдеп, сан түрлі суреттер салады. Ең бастысы қай баланың қиялында да Астана тек таза, сұлу қалпымен ерекшеленеді. Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша мұндай шара олардың қоршаған ортаны аялап, қадірлеп өсуіне үлкен көмек көрсетеді.
Сәуір айының соңына қарай Астанада дәстүрлі сенбіліктер кезеңі басталады. Оған жас та кәрі де бір кісідей ат салысады. Өзгелерге үлгі болып ең бірінші, әрине, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің өкілдері шығады. «Астананы көгертейік!» деп ұран тастайтын олар, бұл күндері кәсіби мерекелері қарсаңында сенбілік өткізуді дәстүрге айналдырған. Экологтардың жұмыс жоспары бойынша, көктем мен күзде жылына екі рет өткізетін санитарлық айлықтары белгіленген. Мұндағы негізгі міндет – аула мен көшелерді тазалау, қоқыс шығару және ағаш отырғызу. Бүгінгі күні Астанада өткізілетін көпшілік сенбіліктерге әрбір оныншы қала тұрғыны қатысады екен.
Кiрпi мен қарға
Ёж и ворона.
Баяғыда кiрпi мен қарға дос болыпты.
Давным-давно ёж и ворона друзьями были.
Бiр күнi кiрпi қарғаға келдi.
Однажды ёж к вороне пришёл.
– Қарға, менiң тоным жаман, тiкенек. Сенiң тоның жақсы, жұмсақ, үлпiлдек. Маған тоныңды бершi.
– Ворона, моя шуба плохая, колючая. Твоя шуба хорошая, мягкая, пушистая. Мне свою шубу дай Ал мен не киемiн?
– А я что одену?
– Сен менiң тонымды киесiң.
– А ты мою шубу оденешь.
– Жарайды, – дедi қарға.
– Хорошо, – сказала ворона.
Олар тондарды айырбастады.
Они шубами поменялись.
Бiрақ кiрпi алма жинай алмады, түлкiден қорғана алмады. Ал қарға ұша алмады. Кiрпi қайтадан қарғаға келдi.
Но ёж яблоки собирать не мог, от лисы защищаться не мог. А ворона летать не могла. Ёж снова к вороне пришёл.
– Қарға, менiң тоным жақсы екен. Мен алма жинай алмаймын, түлкiден қорғана алмаймын.
– Ворона, моя собственная шуба хорошая, оказывается. Я яблоки собирать не могу, от лисы защищаться не могу.
– Ал мен ұша алмаймын, барлық қарғалар менен қашады.
– А я летать не могу, все вороны от меня убегают (избегают меня) .
Әркiмнiң өз тоны өзiне жақсы.
Каждому своя шуба хороша.
Подробнее - на -