Gucci99
16.03.2023 13:33

9сынып казак тылы 29 бет 8 тапсырма

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
alial1
08.04.2020 23:38

Тәтті қиял.

Менің бала күннен арманым мен тәтті қиялым – ұшқыш болу. Бұл мамандық бейне бір тылсымға толы сияқты көрінеді, себебі ұшқыштар жер мен көкті жалғап, аспан әлеміне саяхаттап, ел мен жерді ұшақ  арқылы байланыстыратын адамдар. Көк аспанға көзімді тігіп, қиялдап қараймын. Болашақта асқақ арманым орындалып, мақсатыма қол жеткізу үшін бар ынта – жігерімді саламын.

Ұшқыш болу үшін жақсы білім мен қатар мықты денсаулық  та керек, сонымен қатар түрлі қиындықтарға да төзімді болу керек. Ұшқыштар алыс сапарларға аттанбас бұрын бірнеше ай бойы арнайы сынақтардан өтіп, тәжірибе зауытында даярланады, өз білімдерін жетілдіреді.

Мықты денсаулық пен жақсы білім мен қатар ұшқыш болу үшін шет тілдерін де жетік меңгеру керек, әсіресе қазір барлық әлемде ағылшын тілі авиацияда кеңінен қолданылады. Сондықтан мен ағылшын тілін аса зор ынтамен оқып, үйренудемін.

Әлемнің түкпір – түкпіріне саяхаттап, отбасыма да жер жүзін көрсеткім келеді. Дегенмен, қанша шетелді аралап жүрсем де, жүрегім тек «Қазақстан» деп соғады, себебі бұл менің туған жерім. Сөз соңында Қасым Аманжоловтың «Ұшқыш болғым келеді» атты өлеңі  менің ойымды түйіндей түседі:

Мөлдір тұнық көк аспан,

Сол аспанға жарасқан

Самолеттей сұңқармен,

Ұшқан құспен таласқан,

Ұшқыш болғым келеді!

Көңлі – дария, ойы – аспан,

Асқар шыңнан бойы асқан,

Ай, Күнімен аспанның

Әзілдескен, сырласқан

Ұшқыш болғым келеді! ...

Объяснение:

сойдет

0,0(0 оценок)
Ответ:
milana5697
09.02.2023 10:10
Bata2Халқымыз «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас». «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп текке айтпаған. Адамның адамдығын тілеуіне, пейіліне қарап өлшейтін қазақ баласы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мән берген. Сондықтан той-томалақта, келелі жоралғыларда бір-біріне тілек тілеп, қадірлі қариядан бата алу ықылым заманнан дәстүрімізге айналып, тұрмыс-тіршілігімізбен біте қайнасып кетті. Қазақ бата арқылы ұрпағын адамгершілікке, имандылыққа, ақылдылық мен парасаттылыққа, шешендікке баулыған. Дуалы ауыз қариядан алған ақ бата адамға рух беріп, жігерлендіріп отырған.

Алты алаштың ардақтысы болған би-шешендеріміздің берген баталары ел аузында сақталып халық мұрасына айналып, қазақ фольклорының дербес, шағын жанры ретінде қалыптасты. Ұйқасты, ырғақты болып келетін, тұрақты образдарға негізделетін бата халқымыздың жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, обал-сауап тұрғысындағы моральдық-этикалық түсініктерінің айғағы іспетті. Киелі сөзге айналған бата екі түрге бөлінеді: ақ бата, теріс бата. Ақ бата игі ниеттен туғандықтан ел аузында сақталып, жаңғырып дамып отырды да, жақсылыққа ғана құштар халқымыз теріс батаны ұмытуға тырысты. Сондықтан ақ батаның – нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, жолаушыға бата, жастарға бата, сүндет той батасы, наурыз батасы, ораза айт батасы, жарапазан батасы ас қайыру батасы сияқты түрлері көп. Бата үлгілеріне В.Радлов, Ш.Уәлиханов, А. Васильев, Г. Потанин, сияқты көптеген зерттеушілер назар аударып, жинастырды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота