zhazi9494e
21.03.2021 01:37

9 тапсырма отметить на вопрос


9 тапсырма отметить на вопрос

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Лапулька123
30.01.2023 17:02

Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға. Ол 1841 жылы қазіргі Қостанай облысының аумағында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылған ол атасының - белгілі би және старшын Балқожа Жаңбыршиннің қолында тәрбиеленді. Ыбырай бала кезінен бастап білімге және өз бетінше оқып білуге бейім екенін байқатты. Көп оқыды, Ресей қоғамының білімді адамдарымен жиі араласып тұрды. Орынборда оқып жүрген кезінде шығыстанушы ғалым В.В Григорьевпен жақын танысып алды. Ол өзінің бай кітапханасымен Ыбырай Алтынсариннің еркін пайдалануына рұқсат етті. Білімге құштар жас бос уақытының бәрін де сол кітапханада өткізді. Білген үстіне біле түссем деген құмарлық пен өз халқыма неғұрлым көбірек пайда келтірсем деген абзал арманға ұмтылыс жас Ыбырайдың өмірлік кредосына айналды. Өзінің мінез-құлқы жағынан қарапайым әрі еңбексүйгіш еді, көп оқыды, өзге халықтардың қол жеткен табыстарын неғұрлым көбірек біле түссем деп армандады. Алған білімін өз халқының пайдысына асыруға талпынды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ms71431
11.01.2022 09:45

ответ: Футбол туралы.

Футбол - әлемдегі ең танымал командалық спорт түрі. Футболдың алғаш 1863 жылы Англияда арнаулы ережесі бекітіліп, тұңғыш қауымдастық құрылды. Сондықтан Англия аталмыш спорт түрінің отаны болып есептеледі.

Футбол ойынындағы екі командада он бір - он бірден ойыншы болады. Олар қақпашы, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар, шабуылшылар болып бөлінеді. Ойын қырық бес минуттан тұратын «тайм» деп аталатын екі кезеңнен тұрады, кезеңдер арасында 15 минут үзіліс бар. Бекітілген ережелерге сәйкес өз айып алаңында қақпашыдан басқа ойыншы допты қолымен ұстауға болмайды.

Ойынның негізгі мақсаты: қарсылас команданың қақпасына аяқпен немесе қолдан басқа дене мүшелерімен қарсылас команда салған саннан көбірек доп салу және өз қақпасына салғызбау болып табылады. Қақпаға салынған доп «гол» деп аталады.  Егер де матчтың нәтижесінде екі команда да бірдей көлемде гол салса - тең ойын деп саналады. Бұл жағдайда тағы қосымша уақыт (он бес - он бес минуттан екі тайм) берілуі мүмкін. Егер де қосымша уақыттан кейін тең ойын болса - матчтен кейінгі пенальти жұптары өткізіледі. Алаңда футболшылар ойын шарттарын бұзған жайдайда төреші оларға карточка беріп, ескерту жасайды. Бірінші рет тәртіп бұзған үшін - сары карточка беріледі, ал екінші қайталаған үшін - қызыл карточкамен ойыншыны ойын алаңынан шығарады.

Объяснение: Пр

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота