1. Бір басты,екі тілді бір мақұлық,
Жүреді айдалада ырғатылып,
Менсініп ешбір жанмен тілдеспейді,
Өзінің сөйлеспесе досты барып.
Жиһанда қанша ділмар болсаң-дағы
Тұрасың сөйлесе алмай болып ғарып,
Онымен тілдесе алсаң сөз шығарып,
Кісіге пайдасы көп, залалы жоқ,
Дос болсаң бар мұқтажың бітер анық. (Қалам)
2. Жаны жоқ болса да,
Ақылды адам ісін істейді. (Кітап)
3. Дәмі жоқ, түсі жоқ,
Көзге көрінбейді,
Бұл не? (Ауа)
4. Қабат-қабат қаптама.
Ақылың болса аттама. (Кітап)
5. Астында төсегі бар салған тағы,
Адамша сөз сөйлейді тілі жоқ, жағы,
Теңізден салған жолы сайрап жатыр,
Мүдірмей ойлап тапшы мұны-дағы. (Қалам)
6. Жаны жоқ, бірақ ізі бар,
Жетектеп өзің жүресің.
Сол ізді қайта зерттеп кеп,
Көп нәрсені білесің. (Қалам, жазу)
1.Ұлы жібек жолы деп атлуының себебі сауданың ненізі Қытайдан әкелінген және Қытайдан жібек маталар шығарылғандықтан.
2.Ұлы Жібек жолы - адамзат өркениеті жасағын тарихи ескерткіштердің бірі. Біздің дәуірімізден бұрынғы II ғасырдан басталған бұл жол, Еуропа мен Азияның-Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырған көпір болған. Оның Қазақстан жерін кесіп өтетін тұсында, VI ғасырдан бастап екі бағыт: Сырдария және Тянь-Шань жолдары бағыттары кең өрістелген. Бірінші жол Қытайдан басталып, Шығыс Түркістан Қашқар арқылы Жетісуға, содан Сырдарияны жағалап, Арал маңынан әрі қарай Батыс елдеріне өткен.
3.Иә осы жібек жолы арқылы көптеген елдермен байланыста болдық.Қалалардың өркендеуіне осы Ұлы жібек жолы себепші болды!