darya1122334455667
18.06.2021 16:26

Халқымызда «Ердің артында мол байлық қалғанша, жақсы аты қалғаны игі» деген аталы сөз бар. Бірақ, бүгінгі жастар рухани байлықтан гөрі матариалдық байлықты үстем орынға қоятын
жалаң көзқарастың жетегінде жүр. Себебі, олар адам жанының алтын арқауы – рухани құндылық
екенін ұмыта бастаған сыңайлы.
Болашағынан үлкен үміт күттіріп, халқына жарамды адам болуды көздеген әрбір азамат
мұндай тұманды ойдан аулақ болуы керек. Қазіргі жастардың дені — жоғары атак-мансап пен
ақшаны өмірінің алтын діңгегі санап, «ақша болса, бәрі де болады» дейтін пасық идеядан әлі күнге
арыла алмай келе жатқаны ащы болса да шындық. Әрине, сананы тұрмыс билеген заманда
салауатты өмір салтына ілесіп тірлік жасау үшін ақша қажет екені белгілі. Дегенмен, «Бар
байлықты жинауға тырысқан адам – бақытсыз» боларын, бақ пен дәулеттің көшпелілігін,
байлықтың бейне қолға ұстаған мұз сияқты еріп кететін мезеттік нәрсе екенін неге
ойламаймыз? Асылы, адамзаттың шынайы байлығы – қанағат пен еңбекте жатыр.
Адамның дүниеқоңыздықпен жинаған мал-мүлкiн бөгде біреулердің ұрлап әкетуі де, тіпті,
қара ниет қаскүнемдердің әдейі өртеп жіберуі де мүмкін ғой. Ал санасында, ішкі әлемінде жатқан
рухани қазынасын ешкімнің де тартып ала алмасы анық. Ел ішінде «Жақсылардың кеудесі алтын
сандық» деген бағалы сөз осыдан қалса керек.
Ең бастысы, өмірімізге сара жол нұсқайтын, ізгі ниеттің нұрын құяр ғұламалардың сөзін
көңілімізге ұялатсак, өміршең ойға берілеріміз шүбәсіз.
Ұлт келешегінің кепілі, жастарға, рухани кедейшіліктен, ертеңімізге немқұрайлы қараудан
аулақ болайык дегім келеді. Соңымызда көл-көсір байлық қалғанша, жас жеткіншек ұрпақтарға
үлгі боларлық өнегелі іс қалсын, ағайын!

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kuzyana
11.03.2020 16:13
Шын шеберде мін болмас.
      У настоящего мастера брака не бывает.  2   Бақыт кілті – еңбекте.
      Ключ к счастью – в труде.  3   Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.
      Сон освежает, труд закаляет.  4   Ермек қуған пәлеге жолығады, еңбек қуған қазынаға жолығады.
      Праздно развлекающийся в беду попадёт, трудом увлекающийся богатство найдёт.  5   Адамды еңбек көркейтедi.
      Человека труд красит.  6   Көңілсіз бастаған іс көпке бармайды.
      Дело, начатое без души, к многому не приведёт.  7   Сен iстi сүйсең, iс саған бас иедi.
      Если дело любишь, дело покоряется тебе.  8   Егінді жабайы шөп аздырар, ерді еріншектік аздырар.
      Пашню сорняк портит, храбреца – лень.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Alusa666
16.08.2020 22:14

"Көз" сөзіне лексикалық талдау.

1. Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағынасы – затты, құбылысты білдіреді.

2. Сөздің шығу тегіне байланысты туған мағынасы:

а) түпкі мағынадағы түбір сөз.

б) омонимі бар сөз: көз – адамның дене мүшесі (Сенің көзің әдемі), көз – бір нәрсенің бастауы (Бұлақтың көзін аш),көз – қарайлап жүру (Кішкентайларға бас көз боп жүр).

 в) синонимі бар сөз : көз – жанар – шырақ.

3. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған мағыналары:

б)фразеологиялық байлауы бар: көз байлау,көз болу,көз жазып қалу,көз қиығын салу т.б.

4. Сөздің стилистикалық қызметіне байланысты туған лексикалық мағыналары:

б) бейтарап мағыналы.

5. Сөздердің қолданылу сипатына байланысты түрлері:

а) жалпылама лексикаға тән.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота