
с казахским
Күлтегін жазуы —ежелгі түркі жазба ескерткіші. Моңғолиядағы Орхон
өзені бойының жанынан орнатылған. Ескерткіштің биіктігі 3,15 м., ені 1,34,
қалыңдығы 0,41 м. Тас бағана бес бұрышты, қырларында айдаһардың суреттері мен
қаған таңбалары бейнеленген. Күлтегін ескерткіші туралы алғашқы мәліметтер 19
ғасырдағы батыс зерттеушілерінің еңбектерінде жариялана бастады. Екі
құлпытастағы құпия жазуларды түркітанушылар көпке дейін оқи алмай келді.
1893 жылы 25 қарашада Дания ғалымы В.Томсен Орхон жазба жәдігерлерін
оқудың кілтін тапты. Содан кейін орыс академигі В.В.Радлов мәтінді зерттеді. Осы
зерттеулерден кейін құлпытастарға қашалған жазулар Күлтегін батырдың ерлік
істері туралы қаhармандық дастан екендігі белгілі болды. Радлов , С.Е.Малов, қазақ
ғалымдары С.Аманжолов, Ғ.Айдаров, Қ.Өмірәлиев, т.б. түркітанушылар Орхон
жазба жәдігерлерінің түркі тіліндегі мәтінін оқып, оны тілдік, әдеби, тарихи
тұрғыдан зерттеді. Күлтегін ескерткішінің бірі ғылымда «кіші жазу», ал екіншісі
«үлкен жазу» деп аталып кеткен. Бұлар түркі елінің даңқты әскери қолбасшысы
Күлтегіннің жауынгерлік жорықтарын бейнелеген. «Күлтегін батыр жайындағы бұл
екі дастанның да авторы аса дарынды ақыны, көрнекті қоғам қайраткері Иоллығ
тегін . «Күлтегін» жырының үлкен жазуы көлемі жағынан 428 өлең жолынан
тұрады. Бұл жыр алты оқиғадан құралған.
«Ер есімі- ел есінде» дегендей, бұл ескерткіштің көшірмесі Нұр-Сұлтан
қаласындағы Гумилев атындағы университетінің алаңында орнатылған.
1. Мәтіннің стилі мен жанрын анықтап, себебін дәлелдеңіз.
2. Мәтінде қарамен жазылған сөздерге синоним сөздерін табыңыз.
3. Мәтіндегі мақал-мәтелдерді автор қандай мақсатта қолданған?
4. Қазақ жазуының даму тарихы туралы пікіріңді білдір.
Қыз бала — ұлттың ұяты, халықтың шырайы
Бала тәрбиесi – игiлiктi iс. Берерi де, сұрауы да, жемiсi де мол тәрбие саласының ең өзектiсi.Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқаратыны белгілі.
Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі.Бүгінгі қыз –ертеңгі ана,ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім,тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата –ана және қоғам.