
Мағжан Жұмабаев:Жаратылыс құшағында,меруерт себілген көк шатырдың астында,хош иісті жасыл кілем үстінде,күнмен бірге күліп,түнмен бірге түнеп,желмен бірге жүгіріп,алдындағы малмен бірге өріп,сары сайран далада тұрып,өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік өткір,терең болуы тиіс,-деп жазған.Бұл жерде ақын қиялдың өскен ортаға,ұлттық ерекшелікке,табиғатқада,айналамыздағы жер,суғада байланысты екенін айтқан.Кең жайылған қазақтың сары даласында желмен жарыса жүгіретін қазақ балалардың қиялдарыда жүйрік,өткірде терең болатынын айтқан.Қиялдану,ойлану а шығармашылыққа жетелейді.Қазақта ақын-жазушылардың көп болуы қазағымның табиғаты әсем даласында қиялдап-армандағаннан бастау алған болар.