sargisxachatry
19.09.2020 20:39

2-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, темендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Бір дана екі құмыраны алып, таспен толтырады. Шәкірттерін бесеуін
жинап:
Құмыра толды ма? - деп сұрақ қояды.
Шәкірттері
Иә, деп жауап береді. Дана бұршақ толы банканы алып, түгелдей
құмыраға құяды. Бұршақ тас арасындағы бос жерді толтырады. Сонда
дана
-Енді толдыма? - деп сұрайды. Шәкірттері тағы да:
«иә», дейді.
Бұл жолы дана құм толы қорапты алып, құмыраға құяды. Құм бұршақ
пен тас арасынан өтіп, бүкіл бос жерді толтырады.
Дана шәкірттерінен тағы сұрап, «иә» деген жауап алады. Сосын дана бір
кесе су алып, құмыраға құяды. Шәкірттері мұны көріп, күледі.
Сонда дана былай
дейді
Сендерге айтайын дегенім, құмыра- біздің өміріміз. Құмыраны үш
нәрсемен толтырдыңдар. Тас- өміріміздің басты бөліктері: балалар,
отбасы, достар, денсаулық. Бұршақ-бізге қуаныш сыйлайтын, бірақ ең
маңызды емес нәрселер, яғни үй, жұмыс, көлік, бағалы заттар, т.б.
Құм-кез келген адам өмірінде бар ұсақ-түйек нәрселер. Егер басында
құмыраны құмға толтырсаңыз, тас түгілі бұршаққа да орын қалмайды.
Өмірде де солай ұсақ-түйекке көп уақыт жұмсасаң, бастысына
уақытың жетпейді.
1. Мәтіннің көмегімен ақпараттың дұрыс, бұрыстығын анықтау.
+ Дұрыс
- Бұрыс
1. Тас- өміріміздің басты бөліктері:
балалар,отбасы, достар, денсаулық
2. Бұршақ тас арасындағы бос жерді
толтырады.
3. Уақыт тас, құм,бұршаққа ұқсайды
4. Құм-кез келген адам өмірінде бар ұсақ-
түйек нәрселер.
2. Мәтінде кездесетін сан есімді санмен жазыңыз
3-тапсырма. «Ауа райы» тақырыбына 7 сөйлем құрастыру.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
натик65
01.02.2020 05:31

Қой, бұрыш, ара, қыс сөздері екі мағынада қолданылатындай етіп, сөйлемдер құрастыру.

Бүгін ауылдағы қойларды жайылымға шығаратын менің кезегім келді.

Шаш кептіргішті қолданып болғаннан кейін орнына жинап қой.

Салатқа қосатын ащы бұрыш таусылып қалып, дүкенге баруға тура келді.

Кішкене қарындасыңды байқап отыр, үстелдің бұрышына басын ұрып алмасын.

Аралар гүлден гүлге қонып, тынымсыз бал жинайды.

Демалыс күні әкем екеуміз есік алдындағы қисайған ескі ағашты аралап, кесіп тастадық.

Қыс – менің ең сүйікті жыл мезгілім.

Етігім аяғымды қысып, үйге әрең жеттім.

0,0(0 оценок)
Ответ:
hdhdydjsh
01.02.2020 05:31
Құстарға қызығып қарамау мүмкін емес. Өйткені құстар әуезді сайрағыштығымен, сымбатты да сұлу, алуан түрлі сыртқы бейнесімен орманның, саябақтардың, шалғындардың сәнін келтіреді. Құс атаулының бәрі пайдалы. Құстардың қайсысын болса да қорғау керек. Құстардың саябаққа, бау-бақшаға, егістіктер мен бақтарға үйірілуіне мүмкіндік жасап, ұсақ құстарға жем шашу, жазда ұялайтын үйшіктер дайындау арқылы қамқорлық жасау — табиғатты көркейтіп, құстарды аялай білудің негізгі шарты. Құстардың ұясын бұзып, жұмыртқасын жарудан аулақ болуымыз керек. Міне, қыс айы келді. Бұл кезде жылы жаққа ұшып кетпей, қар жауып, аяз түссе де туған жерінде қалған қанаттыларға ерекше мейіріммен қарағанымыз дұрыс болар еді. Құстарды қорғайық! Құстар — біздің досымыз. Немесе:құстарға қарап тұрсаң, олар өте әдемі. Мысалы, аққулардың топтасып көлде жүзіп жүргендері қандай тамаша көрініс. Жалпы құстар табиғатты зиянды нәрселерден қорғайды. Тоқылдақ өзінің біз тұмсығымен ағаштардың құрттарын шоқып жеп, жәндіктерден оны тазартады. Кейбір құстардың әрекеттеріне қарап, ауа-райының қандай болатынын болжауға болатынын әжемнен естідім. Мысалы, қарлығаштар төмен ұшса, онда жаңбыр жауады дегенді білдіреді. Жалпы құстарды қамқорлап, оларды да күтіп, бағуымыз керек.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота