gr1mez
20.10.2021 13:39

ТЫҢДАЛЫМоқылым -тапсырма. Мәтінді тыңда. Оқы: «Жигсо» «Бөлшекте, жинақта!». Сынып үш топқа бірігеді. Әр топтағы оқушылар N® 1, √2, № 3 түрінде белгіленеді. 1-кезеңде әр топтағы балалар мәтіннің өздеріне тиесілі бөлігін оқиды. 2-кезеңде әр топтағы балалар нөмірлеріне сәйкес бір топқа бірігеді. Олар өздері оқыған мәтін бөлігінің мазмұнын бірігіп талдайды, ой бөліседі. 3-кезеңде топ мүшелері қайта өз орындарына барады да жалпы мәтіннің мазмұны бойынша кеңесіп, өздері қалаған тәсілмен (тірек сөздер кестесі, кластер, диаграмма, сурет, карта және т.б.) ойларын жинақтайды. 4-кезеңде әр топ өз жұмыстарын сыныптың алдында қорғайды. Көшпелілер деген кімдер? 1. Көшпелілер өркениеті — мал шаруашылығымен айналысатын, белгілі бір қалыптасқан жүйемен көшіп-қонып тіршілік ететін адамдардың қауымдастығы, өркениеті Көшпеліліктің шығуына географиялық орта мен ауа райы әсер етті. Көшпелілік белгілі бір геофизикалық, табиғи-климаттық аймақтарда қалыптасады. Бұл қандай аймақтар, олардың экологиялық, жүйесі қандай? Әдетте, бұл – далалы, жартылай шөлейт, шөл және құрғақ далалар, тау бөктері, тау қойнаулары. Мұндай жерде көбінесе жаңбыр аз, жылдық ылғалдың мөлшері 200- 400 мм арасында ғана болады. Осындай аймақтарға Қазақстан да кіреді. 2. Көшпелі өмір салты ол халықтарды табиғатқа жақын болуға, табиғатты қадірлеуге, оның сырын тануға мүдделі етті. Сондықтан көшпелі елдерде «жабайы табиғат» деген ұғым мүлде жоң, Көшпелілердің табиғат аясындағы өмірі жайында тарихшылар, философтар, орта ғасыр ойшылдары тамсана жазды. Сақтар туралы өзге елдердің зерттеушілерінің құнды жазбалары сақталған. Олар көшпелілерді «рухы биік, жаны таза, бейбітшілік сүйгіш, әділ, батыр, ұйымшыл халың» деп бағалады. Біздің заманымызға дейінгі V ғасырда өмір сүрген тарихшы Геродот көшпелі скиф- Сақ тайпаларын мадақтап жазды. 3. Алайда, көшпелілер туралы теріс түсініктер бұрын да, кейін де кездесіп отырды. Көне Қытайда «көшпелілер жабайы, мәдениеттің қас жауы» деген түсінік қалыптасты. Еуро- пада да көшпелілерді «тағы, жабайы, өркениеттің жауы» деп есептеді. Себебі сақтар соғыс өнеріне жетік, жауынгер, батыр, ержүрек халық болды, сондықтан айналасындағы көршілері олардан қауіптеніп отырды. Ал кеңестік идеология көшпелілер туралы мүлде кері көзқарас қалыптастырды. Өйткені бұл саясат кез келген халықтың тарихын, дәстүрі мен мәдениетін жоюды мақсат етті. -Такіргі

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
kiron123
27.08.2020 03:55

Шығарма

Алмастай өткір сұңғыла жырлар.

Қазақ әдебиеті мен мәдениеті бүгінгі күнгі деңгейіне бірден жете қоймаған еді.Сан тарихи жылдарды артқа тастап,халықпен бірге нәубетті бастан кешіріп қазіргі ұрпаққа,бізге,жеткен еді.Біздің қазақ әдебиеті қоры бай әрі сан салалы.Оның ішінде жыраулар поэзиясының алар орны ерекше.

Жыраулар поэзиясы – халқымыздың тарихында қайталанбас, айрықша орны бар, рухани-әлеуметтік маңызы орасан зор, қыр-сырлары әлі күнге толық айқындалып болмаған қызықты да күрделі құбылыс.Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар.Олар заманының өздері куә болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан.Оның өріс алған кезеңі он бесінші ғасырдың тұсында.Жыраулардың өр рухты жырлары бізге негізінен ауыздан-ауызға тарап жеткен екен.Ал оның өкілдеріне Сыпыра жырау,Асан қайғы,Қазтуған,Доспамбет,Шалкиіз,Жиімбет,Марқасқа,Ақтамберді,Тәтіқара,Үмбетей,Бұқар және тағы да басқа жырауларды жатқызамыз.Сыпыра жырау,Асан қайғы,Қазтуған жыраулар – жыраулар поэзиясының алғашқы өкілдері боп табылады.Әр жырау өзінше ерекшеленді.Әртүрлі тақырыпты жырласа да,тек шындықты айтты.Осы тұрғыдан келгенде, жырауларды өз елінің арман-аңсарын, мақсат-мұратын жырлаған, халқының өмір салтын, тірлік-тынысын боямасыз бейнелеген еркін ойлы шығармашылық иелері ретін­де тану жөн.Абылай ханның қасында кеңесші болған,өр тұлғалы Бұқар жырау:

Ай, заман - ай, заман - ай, 

Түсті мынау тұман - ай.

Істің бәрі күмән -ай.

Баспақ, тана жиылып

Фәни болған заман - ай.

Құл - құтандар жиылып,

Құда болған заман - ай,-деп өз заманының бейнесін бейнелеп,шындығын айқындатқан еді.Өлеңнен сол заманның бұзылғандығын ұғынамыз.Ал өз кезегінде қайсар батыр бола білген Ақтамберді жырау:

Жауға шаптым ту байлап,

Шепті бұздым айғайлап.

Дұшпаннан көрген қорлықтан

Жалынды жүрек қан қайнап,

Елді-жұртты қорғайлап,

Өлімге жүрміз бас байлап!-деп жаугершілік заманды,осылайша талай батыр елі үшін жанын пида еткендігін жырымен жеткізген еді.

Жыраулар поэзиясы – сол кезде халыққа рух берген қайсар жырлар поэзиясы.Жыраулар поэзиясынан Отанды сүюге,ел-жұрттың қамын ойлауға,қайсар да шыншыл болуға, адамгершілікке үйренеміз.

0,0(0 оценок)
Ответ:
KarinATseGeLnyK
25.09.2021 01:36
- Киіз үй кімнің баспанасы?
- Киіз үй қазақ халқының, ата-бабаларымыздың баспанасы
- Ол неге ыңғайлы?
- Ол көшіп қонуға ыңғайлы.
- Жазда киіз үйдің ауасы қандай?
- Жазда киіз үйдің ауасы салқын болады.
- Қыста киіз үйдің сыртың немен жапқан?
- Қыста киіз үйдің сыртын киізбен жапқан
- Киіз үй неден қорғайды?
- Киіз үй желден, ыстықтан, суықтан қорғайды.
- Киіз үйдің негізгі бөліктері?
- Киіз үйдің негізгі бөліктері: Кереге,уық, шаңырақ.
- Қазақтың киіз үйі неше қанатты болып бөлінеді?
- Қазақтың киіз үйі 18 қанатты болады, яғни 18 керегесі бар
- Қазір киіз үйлер бар ма?<br>
- Қазір киіз үйлер бар, тек қана мерекеге қойылады.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота