Аспан неге көгілдір мәтініне сұхбат
-Жерді атмосфера қоршап тұр.Ол жерді суықтан,зиянды сәулелерден және ғарыш тастары метеориттерден қорғайды-деп Ғалия Ахметке айтты.
Ахметте өз ойын ортаға салып былай деді:
-Ауа-Жерді қоршап тұрған көзге көрінбейтін газдардың қо Ол түссіз,оның иісі жоқ.Біз ауаның ағынын сеземіз.Қозғалатын ауаны "жел" деп атайды.Жел ауа райына байланысты суық,жылы және ылғалды болады.Ауа барлық тіршілік атаулыға тыныс алу үшін қажет.-деді.
-Күн сәулесі ауа қабаты арқылы өткенде,өзінің жарықтығын жоғалтады.Сөйтіп,аспан көгілдір болады.Ауада шаң бөліктері,түтін көп болса,аспан ақшыл,кейде қызылдау болып көрінеді-деп түсіндірді апалары Назипа.
Қыран құсты қастерлеген халықпыз.
Қыран құс - жыртқыш,жылдам әрі епті құс.Ал,көшпелі халықтарда,әсіресе,қазақтарда қыран құсты ерекше қастерлеген.Біздер үшін ол батырлықтың,еркіндіктің,алғырлықтың белгісі іспеттес.Республикамыздың мемлекеттік көк байрағында да азаттықтың айбыны ретінде алтын қыран құс бейнеленгені соның дәлелі.Байырғы замандарда қыран құсқа "Құс патшасы","Қанаттылар ханы","Құдайдың қазаққа еншілес берген құны" деп мадақтап,оның қастерлігін одан әрі танытқан.Бұнымен қоса қыран құстың ел ішінде құны да жоғар болған.Мысалы,Жеті жарғы заңында аңға салатын итті,бүркітті өлтірген адамнан олардың иесіне бір құл немесе бір күң беріледі делінген.Қыран құсты қолға үйретіп,баптап,саятшылыққа пайдалану қазақ халқының ежелден келе жатқан өнері,дәстүрі десек те болады.Қыран бүркіт Жеті қазынаның бірі екендігі тағы бар.Осының барлығы қыран құстың біздің халқымыздың тарихы мен бүгінінде,тұрмысы мен дәстүрінде алар орнының зор екендігін білдіреді ғой.