sergo196
18.04.2023 18:12

Ұрлық Бұрын бір ел болыпты , халкынын бәрi ұры екен . Кеш батса болды , коршiсiнiн үйiне ұрлыкка туседі екен . Ұрылар үйіне келсе , олардын да үйiн де біреулер тонап кететін корiнедi . Ұрылар елi осылайша омір сурiптi . Bua Бiр күнi осы елге бір адал кiсi кешiп келеді . Әлгі адам кештi өз үйінде кітап окумен еткiзедi . Тун болганда ұрлыкка келген ұрылар шамы жанып тұрган уйден адамды кореді де , өз жендерiне кетеді . Осылайша бiраз уакыт отедi . Ендi жұрт адал адамга ренжи бастайды . Адал адам журт тiлегiне карсы келе алмай , ол да кеш бага уйiнен кетіп , тан ата оралып жүредi . Тек журт сиякты урлыкка бармайды . Ол тундi өзен жағасында аспандагы айга , агып жаткан суга карап , көпір үстінде өткізіп жүреді . Танертен үйіне келсе , ұрылар үйін тонал кетеді екен . Біраз уакыттан кейiн адал адам кедейге айналады . Ал ұрлыкпен айналысып жүрген отбасылар байып , ұрлыкпен айналыспайтын болады . Адал адамнын үйiне ұрлыкка тускен ұрылар ештене таба алмай , кедей бола бастайды . Байыгандар адал адам сиякты тунде табигатты тамашалап , кепiр үстiнде жүруді әдетке айналдырады . Осыдан кала халкы бай , кедей болып бөлінеді . Ендi бай адамдар өздері ұрлык iстемейдi , бiрак кедейлерге ұрлык iстетеді . Осылайша байыгандар одан әрі байып , кедейлер кедейлене береді . Бірте - бірте байлар өздері ұрлауды да , өзгелердi урлыкка жалдауды да кояды . Бiрак ендi байлыгын ұрыла корга ойлайды . Содан даса келiп , сак ып , турме салады . Арада біраз жыл өткенде әлгi каланын тұрғындары урлык деген создi ұмытады . Өздерi ұры болса да , ендi олар « бай » , « кедейміз >> дейдi екен . Сонда баягы адал адам гана өзгермеген едi . Бiрак ол да ұзамай өмірден өтіпті . Елдiн айтуына караганда аштан еліпті . Мәтіннен 1 қоғамдық , 1 тұрмыстык , 1әлеуметтік мәселені аныктаңыз .

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Ольчик071196
27.06.2020 03:14

Екінші сынып оқып жүрген кезім. Ауылымызда Шайбаз деген молда кісі қайтыс болды. Ес білгелі көріп тұрған алғашқы өлімім. Көңіл айтып жан-жақтан келген адамдардың "Атамайлап" жылаған дауыстары үй иелерінің зарлы үндеріне қосылғанда құдды қиямет-қайым. Мұндайды бұрын соңды көрмеген бала жүрекке қалай әсер еткенін елестету қиын емес шығар. Енді міне жерлеуге алып бара жатыр. Қараңғы көрге. Түн ортасы болды көзім жыпылықтап әлі ояу жатырмын. Бір түрлі қорқыныш сезім. "Барлық адам бір күні өліп, қара жердің қойнауына кіріп, шіріп жоқ болады екен ғой. Түбінде бәрібір өлсек, мына тырбың тіршілік не үшін?! Неге өлуге тиіспіз?! Өлмеудің жолы жоқ па?" - деген оймен алпарысып әлі жатырмын.  Шаршағанда барып көзім ілініп кетеді. Осынау терең ойлар күнде мазалайтын болды. Қараңғы батып, төсекке кірдім бе, болды, ертең өліп қалатындай күй кешемін. "Өлгім келмейді. Мәңгі өмір сүруді қалаймын. Құдай болсаң рахат. Мәңгі өлмейсің әә" -деп қоямын өзімше. Ол кезде Құдай деп қолында таяғы бар ақ сақалды ұшып жүретін бір кісіні елестететінмін. Бір неше күннен кейін теледидардан ескі бір киноны көрдім. Сонда байқағаным фильмде басты рөлде ойнаған актер баяғыда қайтыс болып кеткен екен. Ойыма бір ой сап ете қалды. "Еее, актер болсаң, ең болмаса өстіп кинода жүре береді екенсің ғой. Болды актер болам" - деймін. Оның үстіне мектепте анау-мынау қойылымдарда басты рөлде жүретінмін. Міне осылай өлімнен қорқып, мәңгілікті аңсап актер болғым келді. Кейін ойласам шала миыма осындай тұңғыйық ойлар қайдан келді? Жан дүниеме мәңгілікті аңсаттырып қойған қандай күш? Бейнебір ертең өліп қалатындай неге мәңгілікті қаладым? Неліктен өлімнен, жоқ болудан қорықтым? Мұның жауабын кейіннен таптым. Оны "Имани гүл" кітабымда жаздым. Содан үзінді келтірейін:

Рухымыздың мәңгілікті аңсауы

Кез келген а машақат, бейнетке толы, найзағай жылдамдығына пара-пар қалай зымырап өтіп кеткені түсініксіз шектеулі мына дүниеге қанағаттанбайды. Оның рухы, жан дүниесі мәңгілікті аңсайды. Шексіз өмір мен бақи дүниеге құштарланып тұрады. Өзінің бір ғасырға да жетпейтін жалған, шектеулі өмірін ойлап, бүгін басып жүрген қара жерді ертең көрпе етіп жамыларын сезінген сәтте мәңгілікке құштар жан-жүрегін қайда қоярын білмей, ұйқысы қашып, шарасыздықтан мазасыздана түседі. А ң жан дүние – рухын мәңгілікке құштар етіп, бақи өмірге деген ынтық сезіммен безендіре жаратқан Алла, әлбетте, оған аңсап, армандап тілеген мәңгілік бақи өмірін береді. Олай дейтініміз жер жүзін сан алуан дәм мен жұпар иісті әр түрлі жеміс-жидек пен тағамдарға толтырып, а соларды татып көретін дәм тату сезімін сыйлаған аса жомарт Жаппар иеміз егер адам үшін мәңгілік өмірді жаратпайтын болғанда, оның тулаған жүрегіне мәңгілікке деген құштарлық сезімін де бермес еді. Яғни, мәңгілікке деген құштарлықты берген Алла мәңгілік өмірді де бермек. Мейірімі шексіз Алла жаратылыстағы әр нәрсеге тілегенін беріп, сұрағанын жауапсыз қалдырмауда. Дұға етіп, тілек тілеу үшін жайылған ешбір алақанды Ұлы Жаратушымыздың жауапсыз құр қайтаруға ұялатыны жайлы көптеген хадистерде білдіріледі.[1]

Асқазанымыздың аштық арқылы сұраған дұға-тілегін жауапсыз қалдырмай аспаннан жаңбыр жауғызып, жерге әр түрлі жеміс-жидекті төгіп, жан-жануарды алдына салып берген мейірім-рақымы мол Ұлы Жаратушымыз сүйікті құлы, жаратылыстың маңызы – жалпы а ң «мәңгілік, мәңгілік» деп тулаған жүрегінің тілегі мен дұғасын қалай ғана жауапсыз қалдырып, оны жоқ етіп тіршілік бетінен мүлде келмеске сызып тастасын? Ол үшін ақырет әлемін, бақи өмірді жаратпасын? Адамды өмір сахнасынан мүлдем келмеске жіберіп, Өзінің шексіз мейірімділігі мен рақымдылығын қалай ғана жоққа шығарсын? Өйткені адамды мәңгілік өмірге құштарландырып, сосын оған құштарланған мәңгілік өмірін бермеуі – Оның шексіз шапағат, мейіріміне теріс болмақ.

Егер ақырет болмаса, бұл ғұмырда көрініс тапқан Ұлы Жаратушының махаббат шуағының еш бір мән-мағынасы қалмай, мейірімділік зұлымдыққа, махаббат дұшпандыққа, ләззат өкінішке айналар еді. Себебі адам бұл дүниенің фәни ләззаттарымен, өтпенші рахатымен, Ұлы Жаратушысының мына дүниемен шектеулі уақытша махаббатымен қанағаттанбайды. Ол мәңгілік ғұмырды, шынайы бақытты, шексіз мейірімді қалайды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
natalik2038
12.09.2020 07:09

Мезгіл және мекен үстеулері бар сөйлемдер.

Кеше мен отбасыммен бірге ойын - сауық орталығына барып, уақытты қызықты өткіздім.

Бүгін таңертең ағам шетелге іссапаhға аттанды.

Қазір біз қазақ тілі сабағынан тоқсандық бақылау жұмысын жазып отырмыз.

Бүгін достарыммен кездесуге тым кеш болып кетті.

Өз басым демалыс күні де ерте тұрып, барлық шаруаны бітіріп тастағанды ұнатамын.


Аулада ойнап жүрген балақайлар жоғарыда жылы жаққа ұшып бара жатқан құстарды көріп, олардан көздерін алмай қарап тұрды.

Бір ісіңде сәтсіздікке ұшырасаң да, артқа шегінбей, мойымай, ілгері қадам басу керек.

Биікте тұрып төмен қарасам, басым айналып, жүрегім айниды.

Досың жаман болса, қашан да сені кейін тартатын болады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота