
Сөзбен сөз арасында, түбір мен қосымша арасындағы дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, өзгеріп, айтылуын немесе жазылуын үндестік заңы дейді. Үндестік заңы 2-ге бөлінеді: буын үндестігі, дыбыс үндестігі. Буын үндестігі сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың бірыңғай жуан немесе бірыңғай жіңішке болып келуін айтады. мысалы: Әже, инелік. Ата, инабат, уақыт. Дыбыс үндестігі сөз ішіндегі қатар келген 2 дыбыстың бір-біріне ықпал етуі. Дыбыс үндестігі 3-ке бөлінеді: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.
Объяснение:
Аяна: - Анашым,ал кітапхана деген не?
Анасы: - Кішкентай қызым менің.Саған қалай айтсам екен...Кітапхана бұл көптеген кітаптардың қоймасы.Онда неше түрлі кітаптар бар.
Аяна: - Тіпті ертегілер де ме?
Анасы: - Әрине,ботам.
Аяна: - Ал кітапханашы деген ше?
Анасы: - Кітапханашы деген сол кітаптардың орнын жатқа білетін,кітаппен дос және сен қалаған кітапты оңай тауып беретін адам.
Аяна: - Онда мен өскенде кітапханашы болғым келеді.
Анасы: - Әрине,сеннен білікті кітапханашы шығушы еді.
Аяна: - Анашым,мен сіз алып берген барлық ертегі кітаптарын оқып бітірдім,жаттап та алдым.Енді маған үлкендер оқитын кітап оқуға бола ма?
Анасы: - Саған әлі ерте.Тағы кітап оқығың келсе,бұл жолы кітапханаға менімен бірге жүр.
Аяна: - Алақай!