
Алтын алма, білім ал.
(Не гонись за золотом, гонись за знаниями).
Өмір – үлкен мектеп. - Жизнь – самая большая школа.
Білімнің басы – бейнет, Соңы – зейнет. - В учении трудно, Да плоды учения сладки.
Оқу – бiлiм бұлағы, Бiлiм – өмiр шырағы. - Учение – родник знаний, Знания – свеча жизни.
Күш – бiлiмде, бiлiм – кiтапта. - Сила – в знании, знания – в книгах.
Жердің сәні – егін, Ердің сәні – білім. - Землю – украшают нивы, Человека – знания.
Мектеп - кеме, білім - теңіз - Школа - лодка, знание - море.
Наданмен дос болғанша, кiтаппен дос бол. - Чем с неучем водиться, лучше с книгой подружиться.
Хабарландыру!
Құрметті қала тұрғындары мен қала қонақтары!
Қаламыздағы тарихи - археологиялық музейде маусым айының 10 мен 24 аралығында "Алтын адам" атты көрменің ашылуы болатынын хабарлаймыз!
Бұл көрмеде сіздер Алматы облысы Есік қаласының солтүстігіндегі Есік өзенінің сол жақ жағалауындағы темір дәуірінен сақталған сақ обасынан табылған алтын киімді сақ жауынгерінің кимінің көшірмесі мен обадан табылған "аң стилінде жасалған "барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін әшекейлерді тамашалай аласыздар.
«Аң стилі» – әлемдік өнер атаулының ішіндегі биік белестердің біріне айналған ерекше құбылыс. Біздің бабаларымыз ежелгі металлургия ісін дамыта отырып, технологиялық жетістіктерге қол жеткізді.
Көрменің салтанатты ашылуы 10 маусым күні сағат 10.00.
Келіңіздер, көріңіздер, тарихи жәдігерлермен таныс болыңыздар!