LizaIsaeva197
05.08.2020 02:15

3-тапсырма. Мәтінді оқыңдар, Мәтін бойынша бір-бірлеріңе сұрақтар қойындар Баланы еңбекке үйретуді үй ішінен бастау керек. Ал олай етпесек,
баланы үй ішіндегі жұмыстарға араластырмасақ, «сен сабағынды ғана
оқы, ойынынды ғана ойна» десек, онда мұнымен балаға жақсылык
еткен болмаймыз. Жасынан еңбекке араласпай өскен бала ержеткенде
ынжық болады, кісіге арқасүйегіш келеді, өз қолымен еш нәрсе істей
алмайтын болады. Ондайлар өмірге икемсіз, қиыншылыққа шыдамсыз
келеді. Оған сол жастардың өздерімен қатар, әке-шешелері де кінәлі.
Өйткені кейбір ата-ана «баламыз жасында бейнет көрмей өссе екен,
баламызды ержеткенге дейін өзіміз-ақ асырап сақтаймыз, сондықтан
оның жас басынан еңбек етуінің қажеті жоқ» деседі. Бұл - қате түсінік.
Мөселе баланы жасынан еңбекке үйрету арқылы оның болашақта
өмірге керекті және өмірдегі орнын таба алатын адам болып шығуына
көмектесуде жатыр. Егер баланы жасынан еңбекке үйретіп, еңбек етуге
тәрбиелемесек, еңбек дегеннің, өмір дегеннің не екенін түсіндірмесек,
онда баламыз өсе келе кім болмақ? Әрине, ол өзі еңбек етпейтін,
еңбек етуді сүймейтін, басқа адамдардың еңбегімен табылған киім мен
тамаққа ортақтасып, соны сүйетін жатыпішердің бірі болады. Ал біз
баламызды мұндай болғызбаймыз десек, оны жасынан еңбекке үйрете
беруіміз керек.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
HeBce3HauKa
28.11.2021 18:30

1) Не себепті баланы еңбекке үйрету керек?

2) «сен сабағынды ғана

оқы, ойынынды ғана ойна» деп айтса не болады?

3) «баламыз жасында бейнет көрмей өссе екен,

баламызды ержеткенге дейін өзіміз-ақ асырап сақтаймыз, сондықтан

оның жас басынан еңбек етуінің қажеті жоқ» деседі. Бұл қандай түсүнік?

4) Әрине, ол өзі еңбек етпейтін,

еңбек етуді сүймейтін, басқа адамдардың еңбегімен табылған киім мен

тамаққа ортақтасып, соны сүйетін жатыпішердің бірі болады. Ал біз

баламызды мұндай болғызбаймыз десек, не істеу керек?

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота