dmahov228
31.12.2022 13:45

Спорт - денсаулық кепілі. Ал мықты денсаулық - адамның еңбекке, қоғамдық іс- әрекетке белсенді қатысуының кепілі. Қазақ халқы бала тәрбиесіне ерте кезден көңіл бөлген. Баланың ақыл-ойының, дене бітімінің дұрыс қалыптасуына айрықша мән берген. Халқымыздың спорттық ойындары - осының бірден-бір дәлелі. Ежелден садақ тарту, байге, күрес, аударыспақ сияқты спорт түрлерімен айналысқан қазақ бәй халқы спорттың басқа да түрлерімен шұғылдану арқылы өздерінің рухани байлықтарын жетілдіріп отырған. Халық өзіне лайықты деп санаған ұлттық спорт түрлері мен әртүрлі дене жаттығуларымен айналысқан. Әр өңірдің, әр аймақтың өз мергені, өз сәйгүлігі болған. Атқа мініп, асық атып, бәйгеге шауып, теңге іліп өскен балалар шымыр, епті де икемді болып өседі Дене шынықтыру мен спорт мәселесі қай елдің болсын, негізгі стратегиялық бағыты саналады. Өйткені болашақты ойламай, келешекте қуатты мемлекетке айналу мүмкін емес. Спорт дегеніміз - адамдардың денсаулығы, еңбекке дайындығы. Сонымен бірге спорт жасөспірімдерді әскери қызметке даярлауға, тәртіпке, ерлік пен батырлыққа тәрбиелеуге көмектеседі. Балалар мен жасөспірімдер арасында спортты дамыму - бірінші кезекте тұрған мәселе. Осыған орай мектептерде, жоғарғы оқу орындарында көптеген спорт секциялары, үйірмелер жұмыс істеуде. Жылдан-жылға спорт базалары көбейіп келеді. Ұлттық спорт түрлері де жақсы жолға қойылған. Атап айтсақ, қазақша күрес, тоғызқұмалақ, аударыспақ, бәйге, көкпар, қыз қуу, асық ату, бес тас сияқты спорт түрлерінен арнайы федерациялар құрылған. Ресми жарыстар өткізіліп тұрады.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
hromovaysoydwfz
03.06.2023 05:57

Энергия – бұл адамзат тіршілігінің дамуына жағдай жасаушы және ынталандырушы бірден-бір табиғи қайнар көз. Энергия социумдар үлгісінің сақталуын қамтамасыз етеді, ол көптеген аспектілерді біріктіретін ұғым ретінде бүкіл әлем мен адамзатқа тікелей қатысты қызықты сауалдарды туындатады. Қоғамның энергия көздеріне қол жеткізуі олардың әлеуметтiк, экономикалық және экологиялық тұрақты дамуының нақты жағдайларын тiкелей түрде анықтайды. Технология саласындағы әр түрлi қуат көздерін оңтайландырумен байланысты ғылыми зерттеулер мен жетiстiктер қоғамдастықтардың функционалды тәсiлдерiн анықтап, энергетиканың тұрақты даму болашағын қалыптастырады. Астанада «Болашақ энергиясы» ұранымен өтетін ЭКСПО 2017 көрмесі кең ауқымды және барлығын қамтушы жоба ретінде ойластырылды, оның тақырыбы жан-жақты терең қызығушылық танытатын, қоғамдастықтардың тіршілігін анықтайтын және осы қоғамдастықтардағы адамның күнделікті тұрмыс-ахуалын айқындайтын фактор ретінде қарастыруға мүмкіндік беретін энергия болып табылады.   Болашақ энергиясы – бұл қазіргі заманның келелі мәселелеріне және болашақтағы шешімдерді болжауға қатысты міндеттерді шешуге бағытталған, ойлануға нәр беретін ауқымы кең тақырып болып отыр.

0,0(0 оценок)
Ответ:
kmarkechko
14.03.2020 17:48

Қазақ баласының қиял әлемі.

 Қиялдамайтын, арманға ерік бермейтін адам жоқ шығар. Қиял арқылы көптеген таңғажайып туындылар дүниеге келді. Адамдар қиялдау арқылы өзгелерден ерекшеленді. Тіпті қиял мен еңбегінің арқасында мақсаттарына жетеді ғой.

  Қазақ халқы ауыз әдебиеті мұраларына өте бай. Соның ішінде қиял-ғажайып ертегі, аңыздар, жырлардың орны ерекше. Олар арқылы ата-бабамыздың ой жүйріктігін, қиялына куә боламыз. Мысалы, тау көтерген Толағай, үлкен көлді бір өзі тауысып іше алатын Көлтауысар, жүгірісі көз ілестірмес Желаяқ, Мерген, отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын, қылыш өтпейтін, жылдап емес, күн сайын өсетін батырлар бейнесі, олардың тұлпарларына тіл бітуі, тіпті үңгір алдында жатқан айдаһарды ептілігімен, өнерлігімен жеңіп шығуы - бәрі де халқымыздың қиял-ғажайып әлемі. Осыған қарап қазақ балалары сондай жауды бір өзі жеңіп шығатын, елін аман қалатын батыр болуды қиялдайды деп ойлаймын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота