polina033
23.10.2021 16:31

Мәтіннен ырықсыз етістерді аныкта Ұрлық Бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. Кеш батса болды, көршісінің үйіне ұрлыққа түседі екен. Ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап кететін көрінеді. Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті. Бір күні осы елге бір адал кісі көшіп келеді. Әлгі адам кешті өз үйінде кітап оқумен өткізеді. Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден адамды көреді де, өз жөндеріне кетеді. Осылайша біраз уақыт өтеді. Енді жұрт адал адамға ренжи бастайды. Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата үйінен кетіп, таң ата оралып жүреді. Тек жұрт сияқты ұрлыққа бармайды. Ол түнді өзен жағасында аспандағы айға, ағып жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп жүреді. Таңертең үйіне келсе, ұрылар үйін тонап кетеді екен. Біраз уақыттан кейін адал адам кедейге айналады. Ал ұрлықпен айналысып жүрген отбасылар байып, ұрлықпен айналыспайтын болады. Адал адамның үйіне ұрлыққа түскен ұрылар ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. Байығандар адал адам сияқты түнде табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады. Осыдан қала халқы бай, кедей болып бөлінеді. Енді бай адамдар өздері ұрлық істемейді, бірақ кедейлерге ұрлық істетеді. Осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер кедейлене береді. Бірте-бірте байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа жалдауды да қояды. Бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды. Содан ақылдаса келіп, сақшы жиып, түрме салады. Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді ұмытады. Өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. Сонда баяғы адал адам ғана өзгермеген еді. Бірақ ол да ұзамай өмірден өтіпті. Елдің айтуына қарағанда аштан өліпті.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Nuraaaykaaa
23.10.2020 12:29
Интернеттің пайдасы да бар, зияны да бар.Интернеттің пайдасы  зор.Интернетсіз адам өмірін елестету  қиын. Интернет -бұл ғаламдық тор.Интернеттен  керек нәрсеңді табасын,Оқушылар ,студенттер интернеттен шығарма  ,мақал-мәтелдер алады  Интернет арқылы ,тест тапсырып ,интернет арқылы сабақ алуға болады.Интернет арқылы жұмыс істеп сол арқылы ақша да табуға болады.Интернет арқылы туыстарыңмен ,достарыңмен хат алысып, сөйлесуге болады.Яғни интернеттің пайдасы зор.Ал енді интернеттің зияны туралы айтсақ.Интернеттің зияны да бар.Біріншіден интернет денсаулыққа зиян келтіреді.Компьютердің алдында көп отырса ,адамның көзі аурады,,және қимыл-қозғалысына ,психологиясына  әсер етеді.Сондықтан интернетте көп отыруға болмайды.Күніне   екі сағат интернетте отыруға болады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
НезнайкаФдпун
28.01.2020 08:15

Ғаламтордың пайдасы мен зияны.

Ғаламтор пайда болғаннан бері адамдардың өмірін жеңілдетіп, барша сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік пайда болды.

Ғылым мен техниканың дамыған заманында өз өмірімізді компьютерсіз елестету қиын. Дегенмен, бұл құрылғының пайдасымен қатар зияны де аз емес. Алдымен пайдасын атап өтейік:

- Кез келген құжатты басып, шығару мүмкіндігі.

- Интернет желісі арқылы қалаған ақпаратты іздеп табу мүмкіндігі.

- Сонымен қатар ғаламтордың көмегімен әлеуметтік желіде жаңа достар/сырластар/сыныптастарды табу мүмкіндігі.

- Әлемнің түкпір түкпіріндегі ағайын - бауыр, достармен сөйлесу мүмкіндігі.

Дегенмен ғаламтордың пайдасы мен қатар, зияны да аз емес.

Ең басты зияны - ол денсаулыққа тигізетін зияны. Желіде көп отырған көз бен омыртқаға аса үлкен зақым келтіреді. Сондықтан да компьютерда көп жұмыс жасайтын адамдарға арнайы көзілдірік киіп, отырған кезде де арқаны тік ұстауға тырысу керек.

Одан кейінгі келтіретін зиян - ол уақыттың қадірін білмей, компьютерда отыратын уақытты тиімсіз пайдаланып, оның қалай өтіп кеткенін байқамай да қаламыз. Оның орнына пайдалы іспен айналыссақ болар еді. Мұны "ғаламторға тәуелділік" деп айтсақ та болады.

Сонымен қатар ғаламтордағы көптеген жағымсыз ақпарат адам психикасына да жағымсыз әсірін тигізеді.

Осындай келеңсіздіктер орын алмауы үшін, компьютерді тек керек кезінде немесе күніне 1 - 1,5 сағаттан аспайтын уақыт қолдану керек деп ойлаймын.

Дегенмен де, менің ойымша ғаламтордың зиянынан пайдасы көбірек деп есептеймін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота