dianaandmasha
17.04.2023 00:21

Осы тексте нелогизм, термин сөздер және кәсіби сөздер табу керек.

Күләш Байсеітова атындағы Ұлттық опера және балет театры - Астана төріндегі өнер ордасы. 2000 жылдың қайтар айында Астана қаласында «Ақ Орда» опера және балет театры ашылды. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен аталмыш жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды. Осы жылдың шілде айында театр Ұлттық мәртебеге ие болып, оған қазақтың әнші қызы Күләш Байсейітова есімі берілді.

Театрдың алғашқы маусымын 2000 жылдың 14 қазанында М. Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсымен бастады. Операны сахнаға КСРО Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық Қаһарманы, режиссер Әзірбайжан Мәмбетов шығарды.

Әр маусым сайын театр репертуары жаңарып, классикалық шығармалармен толықтырылды. Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (қоюшы-режиссер Әзірбайжан Мәмбетов) және Е. Рахмадиевтің «Қамар сұлу» қойылымдары театрға жаңа дем беріп, операны терең түсінуге ықпал етті. Ал Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян туралы аңыз» поэмасы желісімен қойылған эксперименталдық қойылымы Астана қаласының мәдени өміріне үлкен жаңалық енгізді. Театр репертуары В.А. Моцарттың «Фигароның үйлену тойы», Ж. Массненің «Жас Вертердің махаббаты мен ажалы», Дж. Пуччинидің «Чио-Чио-сан», П. Чайковскийдің «Евгений Онегин», Дж. Вердидің «Травиата» опералары мен П. Чайковский «Аққу көлі», А. Адам «Жизель», Л. Минкус «Дон Кихот», Ш. Гуноның «Вальпургий» балеттері сияқты бірқатар қойылымдармен толықтырылды.

Республикамыздағы жас театрларының қатарына енетін бұл театр құрамында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің, А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің, Қазақтың музыка академиясының, Құрманғазы атындағы Қазақтың Ұлттық консерваториясының түлектері мен белгілі қазақстандық әртістер қызмет ете бастады.

Ұлттық театр әншілерінің есімдері кеңінен таныла бастады. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Қанат Омарбаев, Қазақстанның халық әртісі Хорлан Қалиламбекова, Жанат Бақтай, Айгүл Ниязова, Байғали Момбеков, Наталья Мизюк, Маргарита Дворецкая, Ғалия Байғазинова, Жанат Шыбықбаев, Қияқбай Асамбаев, Бағдат Бекішов, Ескендір Әбжанов, Гүлжанат Сапақова, Роза Сағындықова, Елена Низамутдинова, С. Кауков, Г. Құрманғожаева, Г. Усина, Ғ. Бегалина, А. Мұқатова, М. Өнербаева, Ж. Әубәкіров, Р. Сейітбеков, А. Сыпатаев, А. Құлбеков, Р. Асанов опера әншілері мен балет бишілері өнерсүйер қауымның көзайымына айналды.

2004 жылы Күләш Бейсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театры Халықаралық музыкалық театрлардың ассоциациясының құрамына мүше болды. Театрдың опера және балет труппалары АҚШ, Греция, Швеция, Түркия, Қытай, Корея, Австрия, Италия, Франция, Ресей елдерінде өнер көрсетіп, халықаралық мәдени алмасуға қатысты.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Antonio11111111
30.07.2022 15:25
 Орнымыздан тұрайықАяқты нық басайық (бір орында жүру)          Бір отырып, бір тұрып (тізе бүгіп отырып, тұру)Біз демалып алайық (орнына отыру)2. Орнымыздан тұрамыз (мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасату)Қолды белге қоямызИілеміз оңға бірИілеміз солға бірЖоғары қолды созамызАяқтың ұшында тұрамызБір отырып, бір тұрыпБіз тынығып аламыз3. Оң қолымда бес саусақ (оң қолының саусақтарын көрсету)Сол қолымда бес саусақ (сол қолдың саусақтарын көрсету)Бәрін қоссақ – он саусақ (екі қолының саусақтарын қосу)Оң аяқпен секіремін (екі аяқпен кезек секіру)Сол аяқпен секіремін (орында жүру)Екі аяқпен жүгіремін4.Саусақтарым дем алып (орындарынан тұрып)Қайта сурет салады (саусақтарын қимылдату)Аяқтарым секіріп (қолдарын белге қою)Қ(мәтінге сәйкес іс-қимылдар жасау)
2, 3, 4 – алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
35. Оң қолымда бес саусақ, (мәтінге сәйкес саусақтарды көрсету)
Сол қолымда бес саусақ.
Оларды атап шақырар,
Әрқайсысының аты бар.
Бас бармақ,
Балан үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
36. Орнымыздан тұрамыз (орындарынан тұру)Екі қолды созамыз (қолдарын екі жаққа сермеп)Құс боп қанат қағамыз (құстың қанаттарын келтіру)Бір отырып, бір тұрыпОрнымызды табамыз37. Тауық, тауық тұрады – қыт – қыт- қыт (тәрбиешінің басында тауықтың атрибуты)Серуенге шығады қыт-қыт-қытБалапандар тізіліп – шиқ- шиқ – шиқ (балаларда балапандардың атрибуты)Артына еріп тұрады (бірінің артынан бірі тізіліп тұрып, қимылдар көрсетеді)Балапандар тыңдайдыАлысқа бармаңдарДәндерді теріңдерШиқ – шиқ – шиқ38. Үлкен шеңбер құрайық (мәтінге сәйкес іс-қимылдар)Құсша қанат қағайықБір отырып, бір тұрыпТынығып біз алайық39. Алақай-ау алақай (орындарынан тұру)Қандай жақсы көктем ай (алақан соғу)Нұр жамылды далалар (қолдарын жоғары көтеру, бұлғау)Келді ауылға көп торғай (құсша қанат қағу)40. Үлкен шеңбер құрайық (шеңберге тұру)Қазша қанат қағайық (қолдарын жайып көтеріп, түсіру)Аққуша мойнымызды созайық (мойындарын оңға, солға созу)Құсша жерге қонайық (қолдарын түсіріп, жай тұру)Үлкен үйді жасайық
0,0(0 оценок)
Ответ:
tupoybolgarskiy
29.03.2023 08:34
                               ПРОВЕРЬТЕ ТЕКСТ ВОЗМОЖНЫ ОШИБКИ
Қоңырау соғылғанда мен сыныппен бірге сынып қа кіремін . Әр кім өз орына отырады.Мұғалім сыныпқа кіреді ,біз сәлемдесіп орына отырамыз.Біз мұғалімді құрметтейміз сондықтан біз қазақ тілі мұғалімді мұқият тындап ,тып тыныш отырып,тапсырманы дұрыс орындаймыс.қазақ тілі сабағы менің ең сүйекті сабағым сондықтан сол сабақтан 5 баға алу тырысамын.Қазақ тілі сабағында біз жаңа тақырып өтеміз . сол тақырып бізге түсінікті болу үшін мұғалім бізге бір неше мысал келтіреді . сол тақырыпқа байланысты біз әр түрлі жаттығулар орындаймыз.Сабақ біткеннен сон біз қазақ тілі дәптерді тексеруге тапсырамыс. содан кейін біз кетеміс.менің ойымша қазақ тілі сабағы ең қызықты сабақ!
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота