Менің өмірімде қойылған мақсаттарым көп. Ең басты мақсатым мектепті жақсы бітіріп, институтқа түсу және ҰБТ-ні жақсы тапсыру. Келесі мақсатым институтқа түсіп оны қызыл дипломмен бітіру. Және мен өмірімде көбірек сапарға шығуға тырысамын, басқа адамдар қалай өмір сүріп жатқанын көру үшін. Әрине басқа да кішкентай мақсаттарым бар. Мысалы: маған ұнаған киімдерді сатып алу, шетелге барып келу, көлік жүргізу... Кейбіреулері әлі арманым, бірақ мен армандарымыз бізге жаңа мақсаттарымызға жетуге серпіліс береді деп сенемін!
Қыс Желтоқсан жұлдызы. Қар көптен жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптап, жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыс күні аяз күшті болып, үскірік борандар да аз емес. Орман қарайған, ішінде қүстарды көре алмайсың, қоян күндіз жасырынып, түнде ғана жүгіріп жас ағаштарды кеміріп жүр. Иелері жылы қораға шөп салып бағып-қақса да, қысты күні үй хайуандарына да бапсыз. Адамның өзі де суықтан қорғанып үй салып, жылы киім киіп, үйлеріне от жағып, дәйім жұмыстарынан қала алмайды. Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені, қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқып, бейшараларда тіпті рақат жоқ. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған. Шилі бет байғұстар желге де қарсы қарай алмайды.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку