Ақының «Үш қиян» шығармасында халықтың қара шаңырағы шайқалып, босағасы тари түскендігі қара өлеңде айқара көрсетіліп баяндалған.
«Қызғыш құс» өлеңінде Махамбеттің жан азабының көрінісі. Жоғарыда айтылған өрлік азаға айналған. Өлеңді оқи отырып өр ақынның жалғыздықпен дос болған жаралы жолбарысқа айналғаның көреміз. Оны осындай күйге түсірген заманға лағнет айтасың, адамдардан түсіністік таппаған ақын жүрек жарасын қызғыш құспен бөліседі.