Күн сағаттары — күн сәулесі арқылы уақыт анықтауға қолданылатын аспап. Ол ортасында дүние осіне параллель бағытта қозғалмайтын етіп бекітілген өзекшесі мен пластинкасы бар тең бөліктерге бөлінген циферблаттан тұрады. Өзекшенің циферблатқа түскен көлеңкесі өзінің әр уақыттағы тұрған қалпымен күннің тура уақытын көрсетіп тұрады. Әдетте күн сағаттарының дәлдігі бірнеше минуттан аспайды.
Қате ма білмеймін