2- тапсырма. Сөйлем мүшелерінің белгілерін атап, төмендегі сөйлемдерді сөйлем мүшелерінің атқаратын қызметіне қарай талдау жаса. Өйткені дәл осы мезгілде сол жақтан жылқышылар көрініп, жаңағы жығылып жатқандарға қарай тұра шапқан. (Қ.Жұмаділов) Жолға шығарының алдында Аскар Актұмадағы Дәнеш апайдікінде болып, Сапар ақсақалға кездесті.(Ә. Әлімжанов)
Қазақ халқы үшін төрт түліктің осалы жоқ.Дегенмен жылқының адам үшін атқаратын қызметі өте жоғары бағаланатын.Мереке-қуанышта,қайғы-қасіретте,басқа түскен не ауыр күндерде бұл түлік адамның жан серігі,айырылмас досы болған. Менің атам жылқышы болған. Мен де жылқыны жақсы көремін. Жылқы жайлы көп білгім келеді. Осы уақытқа дейін білгендерімді айтар болсам: Жылқы төрт-түліктің бірі. Жылқы иесі Қамбар ата. Қазақ халқында жылқыны құрметтеп, қасиеттеп жоғары бағалаған. Жылқы туралы аңыз әңгімелер, шығармалар, өлең-жырлар, ертегілер өте көп.