vika110910
13.05.2023 20:09

Казахский язык 7 тапсырма 112 бет

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Slloonok
06.05.2021 08:05

Әкем шахтада жұмыс істейді, оны жұрт құрметтейді. Мен де ол сияқты шахтер болуды армандаймын.  

Бірде шахта бастығы Саша ағайға шахтаны көрсету жөнінде өтініш білдірдім. Ол әзер келісті де, мені шахтаның аузындағы темір торға алып келді. Біз ішіне кірісімен қоңырау шылдырлауы сол – ақ екен, тастай қараңғы тұңғиыққа сүңгідік те жөнелдік. Сөйткенше болған жоқ, іші жер үстіндегідей жап – жарық үңгірге келіп тұра қалдық.  

Темір тордың есігі ашылып, үңгір ішінде қызу жұмыс жүріп жатқанын көрдім. Бір жұмысшы келіп, Саша ағайға амандасып, жұмыс жөнінде бірнәрселер айтып жатты. Ал мен болсам, аузым ашылып, жан – жаққа таңғалып қарап тұрып қалдым: гүрілдеп, тыным таппай жұмыс істеп жатқан үлкен машиналар, үңгірдің іші толған жұмыскерлер, жан – жақтың барлығы шу... Осылай тұрғанымда, Саша ағайдың мені шақырып тұрғанын байқамай да қалыппын. Сөйтсем, «үстіне көтерілеміз» деп тұр екен. Бұл жер астына алғашқы кішігірім сапарым мені бей – жай қалдырмады. Шахтер болу туралы арманым тіпті көбейе түскендей.

Тапсырмаларды орындау.

Берілген мәтінде екінші абзац мәтін тақырыбына сай келмейді.  

Қайтадан құрастырылған мәтінде құрмалас сөйлем көп.

Мәтіннің құрастырылған жалғасы қалың қаріппен (шрифт) берілген.


Қазақ тілі 4 сынып .73 бет 50 жаттығу, көмектесіндерші
0,0(0 оценок)
Ответ:
Koshachiy1pupochek
02.06.2022 07:36

Дәрігер болғым келеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: “Жарқын болашақ жастардың қолында” дегендей, біздің болашағымыз өз қолымызда.

Мені өскенде кім боламын, қандай мамандықты таңдаймын деп ойланамын. Мамандық таңдау өміріңнің бір кірпішін дұрыс қалау деп түсінемін. Өзің айналысқың келетін жұмысты таңдау ғана емес, өзің араласқың келетін ортаны да таңдау деген сөз. Өмірде адам мамандық таңдағанда қателеспеу керек. Өмірден өз орнымызды тауып, адал еңбек ету әр адамның арманы деп ойлаймын. Әрине, әр адамның да таңдауы әр түрлі.

Мамандық таңдау өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Таңдау жасау оңай емес. Ең бастысы адам еңбекке қабілетті, зейінді болуы қажет және оның мамандығы өзі өскен ортаға маңызды, бағалы үлес қосатындай болуы шарт.

Менің арманым дәрігер болу. Дәрігер болуды жаным сүйеді. Дәрігер ол өзінің адамдарға берген шипасы, адамды сауықтырып, адамдарды өмір сүруге күш салатын жандар!

Дәрігерлерді халқымыз әдетте "ақ халатты абзал жандар" деп атайды. Себебі олар науқастарды емдеп, олардың жандарына араша түседі. Науқастардың жазылып кетуіне бар білімін, күш - жігерін жұмсап, аянбай еңбек етеді. Дәрігер болу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Өйткені ол кісілер қашан болмасын көмекке келуге әзір болу керек. Бұл кісілер тынымсыз еңбек етеді.

Дәрігер болу үшін асқан шыдамдылық та керек, өйткені дәрігер болу үшін ұзақ жылдар ізденіп, оқу керек. Бірақ соңында емдеген адамың жазылып кетсе, одан асқан қуаныш пен бақыт жоқ деп ойлаймын. Бұл деген сенің еңбегіңнің бағаланғаны.

Дәрігер болу үшін өз жұмысыңа салғырт қарамай, тиянақты болу керек. Себебі адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.

Болашақ мамандығымды дұрыс таңдадым деп нық сенемін.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота