vgoidin
18.04.2021 02:43

Синквейн по казахском языку Қыс, буркiт, Ораз

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
izibaevsergei
12.09.2021 12:20

Анама сыйлық.


Менің аяулы да ардақты анамның туылған күні жақындап келе жатыр.Ал мен сыйлыққа не берерімді әлі күнге дейін шешпедім.Анам қымбат сыйлықтарды ұнатпайды.Маған үнемі "маған қымбат иіссу алғанша,өзіңе дәптер мен қалам алмадың ба?!" деп айтатын.Сондықтан бұл жолы артық ақша құртып,анамды ашуландырмай-ақ қояйын деп шештім.Құрдастарым өз қолыңмен сыйлық жаса деп кеңес берген еді.Мен суретті жақсы саламын.Алайда құр сурет қарапайым болып кетеді деп ойлаймын.Өлең шығаратын қабілетімнің жоқтығын қарашы.Осылайша ұзақ ойланып еңбек сабағынан үйренген білімімді пайдалануды шештім.Таза, тік төртбұрышты ағашты алдым да ішін ойып рамка секілді жасадым.Ағаштың шетіне әдемі гүлдер салдым.Одан кейін тастармен әшекейледім.Анам екеуміз түскен фотоны салдым.Мінеки,өз қолыммен әрі әдемі фото салатын рамканы істеп шықтым.Енді ақ параққа өзімнің жүрегімнен шыққан тілектерді жазу ғана қалды...

0,0(0 оценок)
Ответ:
Genius2020
07.02.2021 07:27

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы қазақ халқының және оның шекарасынан тыс өмір сүріп жатқан қазақтардың (Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Қытай, Монғолия т.б.) ұлттық тілі.

Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады.

Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.

Қазақ тілі түркі тілдерінің (солтүстік-шығыс ареал) қыпшақ тобына кіреді (татар,башқұрт, қарашай-балқар, құмық, қырым-татар, қарақалпақ, ноғай) және ол, әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады.

Қазақ тілі ең көне бастауын әр кездегі ежелгі түрік жазулары ескерткіштерінен: Талас-Орхон-Енисей жазулары (5-8 ғ.ғ.), Жүсіп Баласағұнның "Қүтадғу білік” еңбегі, Махмұт Қашқаридің "Диуани лұғатат түрік” еңбегі , Ахмет Йүгінекидің "Һибат Ұл һақайық” еңбегі, Қожа Ахмет Яссауидің "Хикметі” (10-12 ғ.ғ.), Алтын Орда, Шағатай және қыпшақ (13-14ғ.ғ.) тұсындағы жазулардан алады.

Сонымен қатар, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлері мен тілдік нормаларында қалыптасқан, кейінгі кезде ақындар, жыраулар мұрасы арнасына құйылған, ұлы Абай мен Ыбырай шығармашылығы арқылы бізге жеткен қазіргі қазақ әдеби тілі

Это может быть неправильным

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота