гтто5
13.02.2020 01:39

Әуежайға бірінші рет барған адам лабиринтке кіріп кеткендей адасып, рейсінен кешігіп қалуы мүмкін. Сіз де сондай қиын жағдайға тап болмас үшін осы мақаладағы ақпараттарды есте сақтап алыңыз. • Әуежайға ұшақтың ұшу уақытынан ертерек келіңіз. Атап айтсақ, ел аумағындағы рейстер үшін кемінде 1,5-2, ал халықаралық рейстер үшін 2,5-3 сағат бұрын келген дұрыс. Өйткені, бір терминалдан екінші терминалға жан ұшыра жүгіргеннен гөрі, ұшаққа отырғызу уақытын күтіп тұрған кез келген адамға тиімді.
• Сіз отыратын ұшақ әуежайдың қай терминалынан ұшып шығатынын алдын ала анықтап алыңыз. Оны әуежайдың онлайн таблосынан, билеттен немесе рейстің нөміріне (мысалы, U6 2464) қарап білуге болады.
• Әр әуежайдағы кіргеннен-ұшқанға дейінгі тіркеу-тексеру орындары мен кезеңдері шамамен бірдей. Сондықтан, олардың халықаралық қатынас (ағылшын) тіліндегі атауларын жаттап алыңыз.
Басқа да пайдалы ақпараттар:
• Last call – отырғызу туралы соңғы хабарландыру;
• Arrivals – келу;
• Self-service check-in – дербес тіркеу;
• Lounge – күту залы;
• Information – анықтама;
• First aid – алғашқы көмек;
• Nursing mothers, Mother ' s room немесе Nursing room – ана мен бала бөлмесі;
• Prayer room – намаз бөлмесі;
• Toilets, Restroom немесе WC – дәретхана;
• Currency exchange немесе жай Exchange — валюта айырбастау;
• Lost and found, Lost property немесе Left baggage — табу бюросы;
• Exit to the city немесе жай Exit – қалаға шығу;
• Smoking room – темекі шегуге арналған орын;
• ATM – банкомат;
• Tickets office – билет кассалары.
Теміржолда.
Теміржол аймақтары қауіпті аймақ болып саналады. Ондай жерлермен жүргенде жаяу жүргінші де, көлік жүргізушісі де жолда жүру ережесін есте сақтап, абай болу керек. Жаяу жүргіншілер,көлік жүргізушілері де теміржол жолдарын поезға жол бере отырып, тек қана теміржол өтпелері бойымен кесіп өте алады. Теміржол өтпесіне кіру жолында жүргінші жол белгілерінің,бағдаршамның, шлагбаумның орналасуын және өтпе бойынша кезекшінің нұсқауын басшылыққа алуға жақындап қалған поездың жоқ екендігіне көз жеткізуге міндетті.
Мынадай жағдайларда өтпелерден өтуге тыйым салынады:
Шлагбаум жабық тұрғанда және жабыла бастағанда,
Бағдаршамның тыйым салатын сигналы кезінде
Өтпе бойынша кезекшінің тыйым салатын сигналы кезінде
Теміржол жолдарын теміржол өтпелерінен тыс жерлерден өтуге
Шлагбаумды өздігінен ашуға

Азаматтардың жеке қауіпсіздік ережелерін білмеуі және бұзуы, сол сияқты жол бойында ішімдік ішу немесе есірткі пайдалану, мас күйде жүруі темір жол көлігінде жарақаттануларға ұшыраудың басты себептері болып табылады.
Темір жолға жақын жүргенде, өте абай, сақ болу керек. Темір жол бойымен жүргенде кем дегенде 5 метр қашықтықта жүру керек, одан жақын болған кезде адам өмірі үшін қауіпті. Балалар жолдың үстінде немесе жолдың жиегінде ойнап жүргенде машинист берген сигналды естіп, жодың шетіне шығып үлгереміз деп ойлайды. Бірақ, олар көбіне келе жатқан пойыздың тарсылынан берілген дабыл белгісін естімейді, қауіпті аймақтан қауіпсіз жерге шығып үлгермейді. Жылжымалы құрамның астына түсіп қалуынан, қағып кетуінен болған жарақаттану, қайғылы аяқталмағанның өзінде, ауыр жарақаттың салдарынан бала мүгедек болып калуы мүмкін. Кейде орынсыз асығыстықтың, бейқадамдықтың, ойнап жүріп келе жатқан поездың алдынан өтпек болу салдарынан балалар жарақаттанады. Әсіресе, балалардың ауыр жарақат алуы, ауыр жарақаттан қайтыс болуы оның достарына, тума-туыстарына, ата-анасына, оқитын мектебіне орны толмас қайғылы жағдайлар туғызады. Біздер, ересектер, жас ұрпақ үшін жауаптымыз, балалардың тағдыры бізге байланысты, оларды дер кезінде тоқтату, бақытсыздықтан қорғап қалу біздің қолымыздан келеді. Кәмелетке жасы толмаған балалардың жазатайым оқиғаларға ұшырауына ата-аналардың балаларды бақылаусыз қалдыруы себеп болады. Ата – аналар тарапынан бақылау жоқ болғандықтан балалар темір жол бойында жүреді, дыбысүдеткіш құлақтарына тағып алып ұялы телефоннан әр – түрлі ойындар,әндер қосады, жұмысшыларға кесірін тигізеді, бірақ олар мұндай серуендеудің қауіпті екенін ескере бермейді.
Темір жол саласы басқа мекемелермен салыстырғанда өзгешелеу, себебі автокөлік секілді бірден тұра алмайды, құрамында ауыр жүк вагондары болады. Сағатына 80 километр жылдамдықпен қатты жүріп келе жаткан жүк поездары шұғыл тежегішті қосқанның өзінде 400 метрге дейін жүріп барып тоқтайды. Поезд жүріп келе жатқанда шеткі рельстен екі жарым метр қашықтықта тұру керек. Тұрған поезд вагондарының астынан өтуге тиым салынады, поезд қозғалып кетуі мүмкін, артынан бес метр қашықтықта айналып өту керек. Жақындап қалған поездың алдынан асығып жүгіріп өтуге болмайды, себебі а рельске сүрініп немесе тайып құлап тұра алмай қайғылы жағдайға ұшырауы мумкін. Темір жолдан тек белгіленген орыннан ғана өту керек. Осы сақтық шараларын естен шығармайық.

составить воросы по тексту

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
manjester1
24.02.2021 15:20

Рухани өміріміздің тарихында бір дәуірдің болмыс-бітімін, таным- түсінігін айшықтай түсетін айрықша тұлғалар болды. Исламға дейінгі Тәңірлік дүниетанымның шашырап жатқан дерек көздерінің негізінде пайымдап, бас- аяғын жинақтауға әрекеттенер болсақ, оның бел ортасында тұрған дара тұлғаларды айналып өту мүмкін емес. Солардың бірі, бірегейі-түркі халықтарының арасында есімі ежелден танымал-Қорқыт ата. Шығыс Түркістаннан бастап Кіші Азияға дейінгі түркі халықтарының ауызша да, жазбаша да жәдігерлерінен ойып орын алған Қорқыт бейнесі бір ғана көркемдік дүниенің жеміс еместігі, мұның астарында берісі нақтылы тарихи тұлға, арысы тұтас қоғамдық-әлеуметтік, саяси, діни дүниетаным тамыр тартып жатқан дәуірлік құбылыс жатқандығы даусыз. Байыптап қарасақ, исламнан бұрынғы идеология мен таным-түсінікке қатысы бар тұлғалардың қуаттысы да, жұртшылыққа кеңінен мәшһүр болғаны да Қорқыт есімі. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
petryskakate2003
26.06.2021 06:27
Бүгін менің анамның туған күні.Менің көңіл күйім көтерінкі.Өйткені бүгін ең .алтын, ең асыл ең ,қымбат анамның туған күні.Әкем екеуіміз анама  раушан гүлдерін сыйладық.Менің анам раушан гүлдерін жақсы көреді.Анамның туған күніне туыстарымыз келеді.Біздің туыстарымыз көп.Мен анамның туған күніне ерекше дайындалдым.,анама арнап түрлі ойындар ойластырдым.Менің анам үлкен әдемі торт пісірді.,анам дастарқанды неше түрлі дәмді дәмден толтырды.Әріне мен оған көмектестім.Кешке біздің үйге қонақтар келді.Олар анамды құттықтап ,жақсы тілектер айтып сыйлықтарын ұсынды. Анамның туған күнінде ән айтып би биледік.Мен анама арнап ән айттым. Менің анамның туған күні өте қызықты өтті.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота