Бұл поэмада еркіндік пен құлдық , махаббат пен зұлымдық , өлім мен өмір , пәни тіршілік пен мәңгілік өнер арасындағы күрес тақырыбы суреттеледі. Поэма салған жерден буырқанған теңіз толқынындай өз құшағына тартып ала жөнеледі. Өлең нөсері сорғалап тұр. Туындыда Арқа төсінен бастап , Алатауға беттеген Кене ханның ордасы көрініс табады. Қазақтың арыстаны атанған Абылайдың ұрпағын сыйлаған қалың жұрт келуін улап - шулап қарсы алып , той қылып , ерулікке бие сойып , ат сыйлап жатқан көріністер шынайы бейнеленеді. Сонымен қатар ханның ордасына Сарыүйсін руынан шыққан «күйші жігіттің» тоқсан тоғыз зарлы , ащы , тәтті күйлерімен бай мен бек , би мен датқа , хан ордасына қуаныш пен шаттық , рақат пен ләззат силап отырғаны , осындай естіген жанды тылсымдай баурайтын киелі өнер иесі Күйшіге хан Кененің қарындасы Қарашаштың көзі түсуі , Қарашаш пен күйші арасындағы терең психологиялық тартысы , адам сезімдерінің алапат шарпысуы сипатталады.
Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін артырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді.
Балалардың тамақтануының үлкендерге қарағанда, едәуір айырмасы болады. Үлкендерге тамақ организмдегі тіршілік процестерін қолдану үшін, әртүрлі жұмыстарға жұмсалған күш қуатты қалпына келтіру үшін қажет болса, өсіп келе жатқан жас организмге тек өмірлік процестерді ғана қолдану үшін емес, сонымен бірге бүкіл организмнің өсу, даму, қалыптасу процесіне қажет.
Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі оректік заттардың болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.