swvw
04.07.2021 18:21

2014 жылы қысқы олимпиада ойындары Сочи каласында от скан алемнің 88 елінен ұлттық командалар катысты Олимпиаданың ашылу салтанатында барлың ұлттык курамалар өздерінің спорт киімдерімен шықты. Кыскы олимпиадаға әлемни 88 елiнен келген шетелдік жаттыктырушылармен коса, спорт жанкүйерлері Қазақстан курама командасынын спорттык киiм улгiсiн ең тамаша спорттық киім ретінде бағалады. Қазақстандык спортшыларға арналған спорт киiмдерiн Алматыдағы «Zibrro» фирмасы дайындады. Киім жиынтығы: олимпиаданың ашылу салтанатына арналған киім кыстық және жеңiл куртке, баскиiм, бекебай, колгап, спорттын жаттығу киімі, спорт шалбары, кроссовка, шулык, жылы ішкиім, жылы жемпір, спорт сөмкесі және баска да спорттык киiмдерден тұрады. Ұлттық команданың киiмiн тiгу барысында дизайнерлер еліміздің әр аймағындағы ежелгi тарихи ескерткіштердегі жазбалармен танысып шықты. Дизайнерлер ұлттық спорт киiмiн жасауда сан көне петроглифтердің кескінін пайдаланып, ұлттық нақышта тікті. Казакстан кұрама командасынын спорттык киiмiне барыстың, салт атты адамның және тағы басқа да жануарлардың кескіндері салынды. Бұл кескіндердің барлығы да қазақ халқының өткен тарихын баяндайды. составьте 4 предложение с союзами при текста

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
regina1002
03.08.2022 14:51
Жақын туыстары Абай қазасынан кейін, Әлихан Бөкейхановтың кеңесі бойынша ақынның асыл мұрасын жинастырып, баспаға әзірлеуге кіріскені мәлім. Бұл туралы құнды де¬ректі 1915 жылы “Қазақ” газетінде жария¬лан¬ған Кәкітайдың қазасына байланысты жаз¬ған  мақаласында: “1904 жылы Абай мар¬құмның өлеңін кітап қылып басыңдар деп, балаларына хат жаздым” деп Әлекеңнің өзі жеткізеді (Абай дүниеден өткенде алғаш рет орыс тілінде қазанаманы жазған да Әлекең екені белгілі).
Сөйтіп, Кәкітай мен Тұрағұл 1905 жылдың қысы мен жазғытұрымында Абайдың өлең¬дерін, қарасөздерін жинап, түгендейді. Ал, жа¬дырап жаз келгенде бұл екеуі Абай мұра¬сын көрші әрі туысқан есебінде болған Мүр¬сейіт Біке баласы деген молданың қолына бе¬ріп, әдемілеп көшіріп жазуды тапсырады. Көркем (ескіше хұсни) жазудың хас шебері Мүрсейіт молда, Әрхамның куәлігінше, ар¬найы тігілген қоста отырып, өз жұмысын бір айда аяқтап шыққан екен. 
Аға буын зерттеушілер көп зерделеген бұрыннан мәлім мағлұматтарды  қайталап жатудың қажеті шамалы.  “Абайдың алғашқы жинағы баспаға қалай әзірленді?” деген сұ¬рақ¬тың,  біздіңше, бүгінгі күні бір ғана астары қалған сияқты. Ол – аталмыш жинақтың шығуына шәкірті Шәкәрімнің қосқан үлесі   қандай еді деген мәселе. Төменде осыған баса назар аудармақпыз.
Бірден айтайық, Абай өлеңдері мен қара¬сөздерін жинастыру барысында Шәкәрім мынадай істерді атқарды деп санамалап өту қиынға соғады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Selbrit
20.03.2023 19:10
Әже - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесін атайтын, туыстық қатынасты білдіретін атау. Одан арғылары үлкен әже немесе ұлы әже деп аталады.[1]

Қазақ отбасындағы әже орны ерекше әрі қадірлі. Әже - отбасының ғана емес, әулеттің де ұйытқысы, ағайын- абысындардың бірлігін, татулығын сақтайтын сыйлы анасы, кейінгі жастардың, келіндердің тәрбиешісі әрі ақылгөйі Қазақ қоғамында әдетте жас отау иелерінің тұңғыш баласын әжесі бауырына салады. Бала ата-әженің кенжесі саналып, немерені әжесі тәрбиелеп, бағып-қағады. Әже мен немере арасындағы туыстық байланыс өте нәзік әрі берік. Балажан қазақ үшін ата мен әжеге жас сәби жай ғана ермек емес, тәрбиеленуші ерекше субъект. Тарихта күллі рулы елге ана болып саналған Айпара әже, Домалақ ене, Зере, Айғаным секілді әжелердің бейнесі аңыз-әңгімелерде, әдеби шығармаларда сомдалған.

Алдымен әже тәрбиесі арқылы бала жақсы-жаманды ажыратып, үлкен-кішіні тани бастайды. Мінез-құлық, тіл тәрбиесі қалыптасып, бала үй шаруасына бейім, елгезек тілалғыш, мейірімді болып өседі. Әженің алдын көрген балаға былайғы жұрт тәрбиелі бала деп баға береді. Әже тәрбиесі көбіне «олай істеме, былай істе», «бүйтсең жаман, өйтсең жақсы»деген вербалды сипатта, ақылгөйлік мазмұнда болып, әженің мейірімі мен жүрек жылуына бөленіп өседі. Осылайша жас бала қазақы ортадағы моральдық-этикалық нормалармен таныса отырып, адами тұлғаның қалыптасуына ғана емес, дәстүрлі ырым-тыйымдар жүйесінің қағидаттарын біртіндеп бойына сіңіре бастайды.

Жеті-тоғыз жастан әрі қарай тұңғыш немере ұлдың тәрбиесі атасының қолына өтеді, Ал қыз немеренің негізгі тәрбиесі әженің қарамағында болады. Бұл кездегі тәрбиенің мазмұны атаға ілесе жүріп, көрген-білгенін көңілге тоқудан құралады. Атасына ілескен бала алыс жерлерді, ел жақсыларын, сыйлы ауылдарды көріп, жиын-тойға т.б. қатысып, соларды ұғынуға, білуге тырысады. Атаның «визуалды» тәрбиесінен өткен баланы былайғы жұрт көргенді бала деп атайды. Қазақ паремеологизмі Атың бар да жер таны желіп жүріп, атаң барда ел таны еріп жүріп деп кеңес береді. Ел тану, жер тану көргенділікке жатады. Қазақтың дәстүрлі бала тәрбиесінде көргенділік тәрбиенің ең жоғарғы формасы болып табылады. Әже мен атадан тәлім алған немеренің рухани жағынан тәрбиелі, көргенді азамат болып, ержетуінің, елдің аузына ілігер көшелі азамат болып қалыптасуының негізі осылайша қаланады
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота