
Студент жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Өз құқығыңды білгенің-дұрыс өмір сүргенің» тақырыбындағы жапы университеттік іс-шаралар жоспары аясында ұйымдастырылған студенттердің өз құқығын білу, құқықтық мәдениетін жетілдіре отырып, Қазақстан Республикасындағы студенттердің құқықтары туралы білімдерін шыңдау, құқық бұзушылықтан аулақ болуға шақыру мақсатында 415 топ студенттері мен топ тәлімгері аға оқытушы А.А.Малдыбаеваның басшылығымен 5В120200- Ветсанитария мамандығының 4 курс студентерінің арасында дөңгелек стол ұйымдастырылды.
Томирис (Тұмар) ханша (ж.ж.с.д. 570-520) — күнгей түркі сақ халықтарының байырғы заманда ел билеген атақты әйел патшаларының бірі. Грек жазбаларында оның елін «массагет» деп атайды. Тұмар ханша есімінің тарихқа еніп, әлемге танылуы Ахемен әулетінен шыққан, «төрт құбыланың тұтас билеушісі» атанған парсының әйгілі патшасы Кирдің (ж.ж.с.д. 558 – 530) Орта Азияға басқыншылық жорықпен келген, «жеңілуді білмейді» деп дәріптелген әскерін ашық шайқаста тас талқанын шығарып жеңуімен тікелей байланысты.
Мемлекетінің аумағын тойымсыздықпен кеңейте беруді ойлаған Кир патша батыс елдеріне аттанбас бұрын әуелі шығыс жағын қауіпсіздендіру мақсатымен күнгей түркі сақтарды бағындырып алуды көздейді. Сөйтіп түркі сақ еліне елші аттандырып, олардың ханшасы, сол кезде күйеуі өліп жесір отырған Тұмардың (Томириске) өзіне тұрмысқа шығуын сұрайды.
Бұл Кирдің түркі сақтармен соғысуға желеу іздеуі еді. Тұмар ханша Кирдің ұсынысын қабылдамай тастайды. Осыны желеу еткен Кир өзінің жау қайдалап жұтынған жаужүрек жауынгерлерін шығысқа қарай қаптатады. Аракс дариясына жетіп, үстінен қалқыма көпірлерді құруды кемелердің кермесінде мұнара қамалдар тұрғызуды әмір етеді.
Объяснение: