kittyQuen
04.12.2021 13:02

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыл, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз. Қазақстандағы сұлулығына көз тоймайтын көлдердің біреуі - Қайыңды көлі. Ол 1910 жылы болған қатты жер сілкінісінің салдарынан пайда болған. Қайыңды көлі теңіз деңгейінен 1867 метр биіктікте орналасқан. Ұзындығы - 600, ені - 300, ал тереңдігі - шамамен 30-40 метр . Мұнда дәрілік шөптердің 47 түрі кездеседі. Мұнда тіпті біртіндеп жоғалып бара жатқан, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің ондаған түрлерін кездестіруге болады Қайыңды көлінің айналасын аң-құстың түр-түрі мекендейді. Деректерге сенсек, аң-құстардың 197 түрі, оның ішінде орманда мекендейтін 82 түрі бар. Еліміздің Қызыл кітабына енген сүт қоректілердің алтауы, құстардың - 13 түрі кездеседі. Олардың арасында аң атаулыдан Тян-Шаньның қоңыр аюы мен әйгілі арқары, тау сусары, қар ілібісін кездестіруге болады. Қайыңды көліне демалуға барған әрбір адамның жүйке жүйесі айрықша дем алып, ерекше күйге беленеді. Қарасаң көз тоймайтын табиғаты тамылжыған бұл өлкеге биік тауда есетін көрікті де әсем Тянь-Шань шыршалары мен көлдің ортасына ерекше көрік беріп тұрған қылқан жапырақты ағаштардың үйлесімі көркіне аяар бітіріп тұрғандай. 1.Ақпараттың дұрыс\бұрыстығын анықта. Ақпараттар + дурыс - бурыс Қайыңды көлі Қазақстан жерінде орналаспаған. Келдің ортасында қылқан жапырақты ағаштар өседі. Көлдің пайда болғанына үш ғасыр болды. Қайыңды келі теңіз деңгейінен мың метр биіктікте орналасқан. Бұл жерден Қызыл кітапқа енген сүтқоректілердің 6 түрін кездестіруге болады. 2.Мәтіннің негізгі тақырыбын анықтаңыз.


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыл, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыңыз. Қазақст

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
puremoorning
26.07.2022 06:57

Отбасы - тәрбие бастауы

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.

Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге , салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу, жақсылықты үйретуге, жамандықтан жиренуге үйрету, бойында жастайынан мәдени құндылықтар мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру жатады.

0,0(0 оценок)
Ответ:
matumaxim
12.09.2022 00:30

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта, кішкентай Отан. «Отан – отбасынан басталады» дегендей отанды сүю - отбасынан басталатыны рас! Себебі, отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді.    Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам. Отбасы – өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ деп ойлаймын. Отбасының басты қызығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі өзара сөйлесіп, не болмаса ата-ананың, баланың, міндетін атқару ғана емес, береке - бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.    Ата мен ана – бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі.    Ата – асқар тау, Ана – бауырдағы бұлақ, Бала – жағасындағы құрақ- деп ата – ана мен баланы табиғаттың тамаша құбылыстарына теңеген халық мақалына қайран қаларсың. Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.    Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін ана, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен ананың баласына қоятын ең біріші басты талап – тілектері – баланың «әдепті» болып өсуі. Қазақ халқы отбасындағы тәрбиені ең бірінші орынға қойған. Ата – ана балаларына қандай тәрбие берсе, ертең ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдақтарынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Ұлын ұлтжанды, қызын инабатты, сыпайы етіп өсіру ол әр ата – ананың міндеті болып табылады.    «Отбасы кішкентай мемлекет» демекші, мен өз отбасыммен айрандай ұйыған, тату тәтті, бірлікте өмір сүріп жүрген қарапайым отбасымды мақтан тұтамын. Менің отбасымда төрт адам бар. Қара шаңырағымыздың ақылшысы, арқа сүйеріміз – жан әкешім, бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербеткен, түн ұйқысын төрт бөлген – аяулы анам, әрдайым көмектесетін, ақылын айтатын – ағам және мен. Бірін – бірі демеп, сүйеу бола біліп, өмір бойы ынтымағы жарасқан отбасы қатарынан қалмаудан үміттенемін. Мен өз отбасымды мақтан тұтамын.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота