folaelena1
14.02.2021 01:37

22 қыркүйек Бүгін Саматпен тағы шекісіп қалдым. Сіздер мені «өзі бір бұзақы бала екен ғой?!» деп ойлап қалмаңыздар. Бәрін бастайтын Саматтың өзі. Жоғарыда айтқандай, сыныптағы балаларға қарадай тиісіп жүреді. Өйтпесе, көңілі көншімейді-ау деймін. Міне, сол «шошқа» үзіліс кезінде (мен солай атаған соң, барлық бала «шошқа» деп кеткен оны) менің қаламымды ұрлап алыпты сөмкемнен (Мен жоқта сөмкемді ақтарғанын Әсем көріп қойыпты. Сол айтқан маған). Ауылда қалған Әлияның сыйға берген қаламы ғой. Басқа қалам болса ештеңе емес, оны сұраса өзім де бере салармын. Ал сыйлықты қалай беріп қоярсың?! Содан оған:
- Самат, қаламымды қайтар! Оны ауылдағы Әлия сыйға тартқан, - дедім жаймен ғана (Әлияның атын не үшін атағанымды өзім де түсінбеймін).
- Оу, балалар, естідіңдер ғой?! Кенжебектің ауылында қалған «сүйікті» қызы сыйға берген қалам екен. Байғұс қыз алыста жүрсе де қаламды көрген сайын есіне түсіріп, ұмытпасын деген шығар, - деп, сыныпты басына көтерді. Әрі шиқ-шиқ етіп қояды. Даусы, тілі неткен ащы еді, пәтшағардың!
Шыдай алмай кеттім. Енді ше, мұндай қорлыққа, мазаққа кім шыдасын?! Өзімді салмақты ұстағаныммен болмады.
Сөйтіп, Саматты кеудесінен итеріп кеп қалдым. Ол артқа қарай тәлтіректеп кетті. Басы қабырғаға соғылды, білем, баж ете қалды. Содан соң аз-кем басын ұстап тұрды да, маған төне ұмтылды. Абырой болғанда, қоңырау соғылып, сыныпқа мұғалім кіріп келді. Ал ол қаламымды дереу қайтара қойды. Бірақ оқты көзімен мені бір атты.
«Сабақтан шыққан соң төбелестің көкесі басталар» деп іштей қобалжығанмын. Бірақ олай болмады, ол маған қайта соқтықпады. Қаймығып қалды ма, ол жағы белгісіз.
Сабақ бітісімен автобус аялдамасына бет алғанмын. Кенет, ту сыртымнан «Кенжебек» деген таныс дауыс естілді. Сыныптасым Әсем екен. Ол салған жерден:
- Сен дұрыс істедің! - деді.
- Нені?
- Шошқа Саматты айтамын да. Оған қарсы келгеніңді айтамын да. Бұған дейін оған ешкім қарсы келмеп еді. Соған құтырған ғой ол. Өткенде менің шашымнан тартқылап қоймап еді. Бәлем, сол керек! Сен дұрыс істедің!
- Жә, Әсем, ештеңе емес, егер шындап келгенде, ол менен әлді, мықты. Бірақ мықтылық күшпен өлшенбеуі керек, біліммен өлшенуі керек! - дедім. Әсем құдды мені жаңа көргендей аңтарыла қарап қалыпты. Менің екі бетім ду ете қалды. Әрине, бұлай деп сөйлегенім бұл жерде орынсыз секілді көрінді. Алайда бұл - шын сөзім еді. «Білекті бірді, білімді мыңды жығар» дейді ғой?!

Мәтінде қандай заң бұзушылық орын алғанын анықтап, өз көзқарасыңды білді. Қалай ойлайсың, әңгіме авторының Әсемге берген жауабымен келісуге болады ма? («Білекті бірді, білімді мыңды жығар» дейді ғой?!).

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ArinaMiji
12.02.2022 05:16
1. Абай Құнанбаевтың туған жерін белгілеңіз.
А) Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Ақ жайлау өңірі;
В) Шығыс Қазақстан облысы, Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақта;*
С) Ақмола облысындағы Қоскөл деген жерде;
Д) Ақмола облысы, әйгілі Бурабай көлі;
Е) Қостанай облысы, Құсмұрын бекетінде.
2. Құнанбай Абайды неше жасында Семейге оқуға жіберді?
А) 7жасында;
В) 8жасында;
С) 9жасында;
Д) 10жасында;*
Е) 11жасында.
3. Медреседе діни уағыздармен шектеліп қалмай, қандай тілдерді игерді?
А) Араб, парсы, түркі;*
В) Араб, парсы, иран;
С) Араб, парсы, түркімен;
Д) Араб, парсы, өзбек;
Е) Араб, парсы, орыс.
4. Құнанбай Абайды оқудан шығарып, ел билеу ісіне баулығанда неше жаста еді?
А) 10жаста;
В) 11жаста;
С) 13жаста;*
Д) 15жаста;
Е) 16жаста.
5. Абай Е. Михаэлиспен қай жылы кездесті?
А) 1870ж.;*
В) 1871ж.;
С) 1873ж.;
Д) 1875ж.;
Е) 1880ж.
6. 1882 жылы жазылған Абайдың ақындығын өзіне де, өзгелерге де мойындатқан шын мәніндегі көркем туындыларын көрсетіңіз.
А) «Жаз», «Қыс»;
В) «Өлең - сөздің патшасы», «Күз»;
С) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Жазғытұры»;
Д) «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр»;
Е) «Қан сонарда бүркітші шығады аңға», «Бородино».*
7. Абай өлеңдерін кімнің атынан таратып жүрді?
А) Байкөкше;
В) Барлас;
С) Көкпай;*
Д) Балта;
Е) Шөже.
8. Мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналған тұңғыш шығармасын белгілеңіз.
А) «Интернатта оқып жүр»;
В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;*
С) «Ғылым таппай мақтанба»;
Д) «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат».
9. Қай өлеңнен?
Кемді күн қызық дәурен тату өткіз,
Жетпесе, біріңдікін бірің жеткіз.
Күншілдіксіз тату бол шын көңілмен,
Қиянатшыл болмақты естен кеткіз.
А) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»;*
В) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
С) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Д) «Болыс болдым, мінеки»;
Е) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?».
10. Абайдың табиғат тақырыбындағы тұңғыш өлеңін белгілеңіз.
А) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»;
В) «Жаз»;*
С) «Қыс»;
Д) «Күз»;
Е) «Жазғытұры».
11. Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
А) «Жаз»;
В) «Күз»;
С) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»;
Д) «Жазғытұры»;*
Е) «Көлеңке басын ұзартып».
12. Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай түрін тапты?
А) қара өлең ұйқасы;
В) шалыс ұйқас;*
С) аралас ұйқас;
Д) шұбыртпалы ұйқас;
Е) кезекті ұйқас.
13. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай өлеңдерінде бейнелеген?
А) «Сегіз аяқ», «Жаз»;
В) «Көлеңке басын ұзартып», «Күз»;
С) «Болыс болдым мінеки», «Мәз болады болысың»;*
Д) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»;
Е) «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Көлеңке басын ұзартып».
14. Қай шығармадан?
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
Аздырар а
А) «Желсіз түнде жарық ай»;
В) «Адамның кейбір кездері»;
С) «Өзгеге көңілім тоярсың»;
Д) «Сегіз аяқ»;*
Е) «Пайда ойлама, ар ойла».
15. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма аударған?
А) 17;
В) 21;
С) 23;
Д) 25;
Е) 27.
0,0(0 оценок)
Ответ:
607156
05.02.2020 09:46
Етістіктер мағынасына карай сабақты етістік жәнесалт етістік болып екіге бөлінеді . мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді кажет етеп туратын етістік тер сабақты етістіктер деп аталады Сабакты етістіктер кімді? нені?(кеиде жасырын турде не?)деген суракка жауап береді Мысалы созды сен баста.мен жазбаймын өлеңді ермек үшін кеидеондай сөздер септіктің жасырын турде туруы да мүмкін Ондацда екі создің табыс септікті соз бен етістіктің арасына баска соз келтіріп колданып кору керек мысалы өлең аит-олеңді сен айт т.б
Магынасы жағынан тура объект іні табыс септіктегі срзды кажет етпеитын етістіктер салт етістік тер деп аталады.Салт
етістік барыс жатыс шыгыс комектес создермен тыркеседы бырак табыс септікпен баиланыспайды мысалы ауылга каит.каладан каит.жолдасымен каит. болды
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота