Easy66689
13.09.2020 10:19

9-тапсырма. Төмендегі деректерді пайдаланып, мемлекет қайраткері тура- ты интервью дайындаңдар. Диалог барысында екпіннің түрлеріне назар рен аударыңдар. сін: ер. Мұстафа Шоқай (1890-1941) Алаш қозғалысына қатысқан ірі қайраткер, Түркістан жерінің азаттық күресі топ бастаушыла- рының бірі, публицист-ғалым. Ол Қызылорда облысының Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында туған. Сұлутөбе ауылындағы орыс ыр білім ордасында бастауыш білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Сол жылы БІс Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, За оны 1917 жылы бітіреді. Мұстафа Шоқай 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Түркістан (Қоқан) и автономиясының жойылуына байланысты Мұстафа Шоқай шетел- ге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. «Бірлік туы» газетінің не- гізін қалады. 1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, тұтқынға алынып, бірнеше ай түрмеде отырып шығады. Ол Берлинде қай- тыс болады. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен атала- тын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған өлкесінде оған ескерткіш қойылған.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
Света3811
26.02.2023 02:11
Менің сүйікті актерім!Бүгінгі қазақ киносында актерлердің арасынан өнеріне көңілім толатын, ойнаған рөлдерін, сомдаған кейіпкерлерін керемет ойнап шығатын Берік Айтжанов туралы сөз қозғасам. Қызылорда өңірінің тумасы Берік Айтжанов 1979 жылы 11 наурызда дүниеге келген. 3 жасында өнер ордасы Алматыға көшіп, балалық шағы мен жастық шағын оңтүстік астананың Іле ауданында өткізеді. Әкесі агроном, анасы бала-бақша қызметкері болған. Ата-анасының «жүз қайнаса да, сорпасы қосылмайтын» шығармашылыққа қатысы жоқ баланың актер болуы қызықты тарихқа байлаулы. Салмақ жетіспеушілігіне байланысты әскерге қабылданбаған болашақ актер көптеген мамандықтардың дәмін татып, сынап көрген. Алайда, жүрегіне жақын мамандықты таппаған соң, уақытша мейрамханада бармен болып қызмет атқарып жүрген. Мейрамханада сән агенттігінің өкілі Беріктің киноға сай сұлбасын көріп, кастингтен өтуге шақырады. Түсірілген суреттер киногерлердің қолдарына тиіп, Сатыбалды Нарымбетовтың «Қыз жылаған» фильмінің кастингісіне қатысады, бірақ жолы болмай фильмнен шет қалады. Осы алғашқы сәтсіздіктен кейін Берікті кино әлемі қызықтырып, Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына түсуге бел буады. Осылай өнер саласына бағын байлап, болашаққа нық қадамдармен аяқ басады. Алғашқы кинодағы дебюты әйгілі «Біржан Салдың» режиссері Рымбек Әлпиевтің «Қасқыр уақыты» атты фильмінде Қалтай рөлін сомдаумен басталады. Бұл фильмде Берік Ақан байдың күңі рөлін сомдайды. Бұдан кейін актер өз шеберлігін Сламбек Тәуекелдің «Махамбет» фильмінде атақты батыр Махамбеттің рөлін сомдайды. Фильмде озбырлық пен отаршылдықты, әлеуметтік ортадағы әділетсіздік пен тұлғалар қайшылықтарын, олардың бітіспес бұралаң жолдарын суреттеп қана қоймай, Махамбет батырдың Айғаным сұлу арасындағы ғашықтық сезімдерін көрсетеді. Шығыс жекпе-жегімен айналысатын қазақ жігітін көрші Ташкент елінің режиссерлеріде байқап қалып, 12 сериядан тұратын «Застава» сериалына шақырту жібереді. Бұдан кейінгі кино өнерінде шет елде жүріп қазақтың қамын ойлаған Мұстафаға арналған, 2006 жылы түсірілген «Мұстафа Шоқай» фильмінде, Байдрахманды ойнайды(інісі). Берікті халыққа танымал еткен фильмді атамау кету, оның жасаған еңбегінің тең жартысын ұмыту дегенге саяды. Сондықтан, 2008жылы түсірілген Ақан Сатаевтің «Ағайынды» көпсериялы драмасын атамасқа амал жоқ. Себебі, Айтжановқа үлкен беделдікті әкелген Шыңғыс рөлі еді. Бұл көпсериялы драма ауылда тұратын үш ағайынды туралы. Басты кейіпкерлер - ағайынды үш жігіттің өмірі арқылы қала мен ауылдың тіршілігін: әке мен бала, жастар тәрбиесі проблемаларын, бүгінгі таңдағы қазақ ділінің ерекшелігін ашып көрсетеді. Бұл хикаяның сюжеті нағыз шынайы өмірден алынған. Күнделікті күйбең тіршілікте орын алатын әртүрлі жағдайлар, қала мен қала маңындағы ауыл адамдарының өмірі негізге алынған. Осы хикаяда басты рөлдің бірін Берік сомдап шығады. Айтжанов Шыңғыс есімді ынжықтығы бар, қайынжұртқа жалтақтығы бар азаматты сомдайды. Дәл осы сериал арқылы Берікті халық таниды. Бұл хикаяның халықтан алған алғысы мен құрметі шексіз болды. Осындай фильмнің жетістікке жетуі Беріктің актерлік шеберлегінің арқасы деп те айтуғ болады. Бұдан кейін тағы да 2010 жылы Ақан Сатаевтың қазақ кино тарихында алғаш рет «экшн» жанрында түсірілген «Ликвидатор» фильмінде басты рөлді Айтжановқа тапсырады. Фильмге жасақталған әртістік құрама мықты, өйткені мұнда отандық кино және театр өнерінің қаймақтары жиналған(бір эпизодта есіктен басын қылтитатын ит екеш иттің рөлін де 3 бірдей үміткер таңдалғанына не дерсіз). Бұндай сыннан өте алған актердің, көкжиегі кеңейіп өзіне деген сенімі артатыны белгілі. Жалпы бюджеті 2миллион доллар құраған фильмде Берік Айтжанов, Арсен есімді оққағар жігіттің рөлін атқарады. Арсен өзінің журналист ағасының кісі қолынан өлгендігін сезіп, кек қайтармаққа бел буады.
0,0(0 оценок)
Ответ:
Писинчик
03.10.2021 00:57

Егер мен чемпион болсам...

Бұл тақырыпқа армандап өз болашағымды болжау маған оңайға түседі, себебі мен спортпен шұғылданамын. Әр адамның өзіндік талғамы мен ішкі дүниесіне сай сүйікті ісі болады. Біреулер би билеп, өз орнын тапса, енді біреулер ін айтады, басқалары спортпен шұғылданады.

Менің сүйікті хоббиім - спортпен шұғылдану, атап айтқанда, волейбол. Арнайы спорт мектебінде жаттығып жүргеніме екі жылдан асты. Жаттығу күндерін асыға күтіп, бар күш - жігерімді жұмсап айналысамын. Болашақ өмірімді де спортпен байланыстырамын. Жаттықтырушыларымның арқасында бірнеше спорт сайыстарының жеңімпазы, жүлдегері атанып жүрмін.

Спорт денсаулық кепілі болғандықтан, өз денсаулығымызға немқұрайлы қарамауымыз керек және әрбір адам жасы мен жұмысына қарамастан денсаулығына көңіл бөліп, спортпен шұғылдану керек деп ойлаймын. Өз басым спорт үйірмесіне күнде бармасам, күнделікті таңертең жаттығу жасаймын. Таңертең бір мезгіл жүгіріп, кешке арнайы жаттығулар жасаймын. Спортпен шұғылданудың арқасында денім сау, ал өзім шымыр боламын.

Қай спорт түрі болмасын үлкен табандылық пен төзімділікті талап етеді. Жеңіс оңай келмейтінін есте сақтауымыз керек. Тек қажырлы еңбек пен алға қойған мақсатқа ұмтылу арқылы биік белестерден көрініп, еңбегіміздің жемісін бағалай аламыз.

Енді чемпион болсам не істер едім? деген сұраққа жауабым – алдымен өзім жаттығып жүрген спорт үйінің жөндеуге қаржылай үлесімді қосар едім. Одан кейін осы спортқа келуіме себепші болған, менің тілеуімді тілеп отыратын ата – анамның арманын орындап шетелге қыдыртар едім. Соңғысы – жаттықтырушыма естелік сыйлық жасар едім.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота