Менің анам - мен үшін ең жақын адам. Мен оны өте жақсы көремін. Ол әрқашанда менің қасымда, мені қиын жағдайда тастамайтын ерекше жан. Мен өз анамды мақтан тұтамын. Анадан қымбат менде ешкім жоқ. Менің анамның аты - Жанна. Маған оның оттай жарқыраған мөлдір көздері, әдемі күлкісі мен нәзік қолдары ұнайды. Менің анам өте мейірімді, ол адамдармен жақсы тіл табысады, оны барлығы да құрметтейді. Қиын кездерде ол жалғыз ғана мені жұбата алады. Туғаннан бері ол мен және менің ағамның қасында. Бізге өз махаббатын сыйлайды, қамқорлық жасайды. Мен өз анама алғыс білдіремін. Және оған көмек көрсетуге әрқашан дайынмын: ауыр сөмкелерді аламын, үйді жинаймын. Менің анам өте дәмді тамақ дайындайды және мен оған тамақ дайындауда өз көмегімді көрсетемін, сол барысында көп нәрсе біліп аламын. Мен ол әрқашан да күн сияқты жайнай берсін, оның күлкісі қасындағы адамдардың көңіл-күйлерін көтерсін, оның армандары орындалсын деп тілектеспін. Өйткені махаббат, қамқорлық тек қана бізге, балаларға ғана, сонымен қатар біздің аяулы аналарымызға керек. Мен оны өз бағаларымен, жақсы тәртібімен қуантамын және әрқашанда оған көмектесемін
Менің байлығым, барым, нәрім... Ол сенсің – кітабым! Қай кезде де сарқылмайтын, ескірмейтін білім бересің де тұрасың. Оның есесіне ештеңе де сұрамайсың. Жан баласынан шексіз мейірбансың, ақылы тасқан данасың. Әркез санама рухани тыныштық ұялатып, сабырға шақырасың. Сөйте отырып күлкі сыйлап, бір кез жылатып та аласың. Сол үшін де сені шынайы дос санаймын. Сенің түрлі-түрлі кітаптарыңды оқып болғасын беттерді парақтай отырып әрбіріңді алғысым ретінде бір сипап, маңдайыңды сүйгендей мұқабаңды сүйемін ғой кіта Олай сүюімнің де себебі бар. Оны өзің де білесің. Бүгінгі күні сенің орныңды осал, арзан дүниелер ысырып жатыр. Көксандықтың да көрсетіп жүрген ортақол шоулары халықтың талғамын бұзды. Осынау арзан, болмашы бағдарламалар ойлауға мұрша бермейді. Бұл жәйтті қоғам көре тұра еш шара қолданбайтынын көріп ішім қан жылайды. Кітап оқып отырған адамды көз алдыңызға елестетіп көріңізші! Ол көркем әдебиет атты қиял-ғажайып, тылсым әлемге енеді. Оның өмірге деген құштарлығы пайда болады, қызығушылығы оянып, ойлануға мүмкіншілік туады. Мұндай сезімді сезіну де бір ғанибет қой оқыған адамға!
Ұлы философ Бэкон кітап жайында: «Кітап – заманалар толқынында тербеліп, көкірегіндегі қастерлі қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі» деген екен. Сол ой кемесі – кітаптар арасынан маған, менің жан дүниемнің шартарабына әманда достық еншісіндей жұбаныш болар бір кітап бар. Ол – Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы. Қанша оқысаң да қайталап оқи бергің келетін көркем дүние дер едім мен оны. Жазушы жасаған образдарының шынайылығы мен үндестігі сені еріксіз тылсым әлемге жетелейтіндей. Бір ғана махаббат сөзіне көп мағына беретін автор сөздері бүгінгінің жастарының жетесіне жетерліктей ой салады. Ұлы Отанның патриоты етіп сезінтіп, оны махаббатым деп, Ербол арқылы тегіс қазақия жастарының бойына үлгі етеді. Иә, кеудесінде адамгершілік, берік махаббат ұя салмаған адам анасына да, Отанына да адал бола алмайтыны анық. «Әр жастың жүрегінде асыл махаббат болсын, сол махаббат әр жас отбасының алтын діңгегіне айналсын. Тек әр отбасының ғана емес, махаббат деген асыл жібекке түйілген отаншылдық, еңбекшілдік, достық, туыстық, бауырластық, дәстүріне деген жан-тәнімен берілгендік сезімдері біздің Ұлы Отанымыздың алтын діңгегі болсын!» - деп автор ел жанашыры ретінде жүрек жарды сөздер арнайды.Осындай майталман жазушылар, көркем шығармалар, оқырмандар көбейе берсе екен.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку