Әр адамның өз отбасы бар . Ол әркімгеде қымбат . Себебі отбасыңда сені шын жақсы көретін ,сен дегенде жанын беретін ата-анаң бар . Мен үшін менің отбасымның орны бөлек .Мен анамды өте қатты жақсы көремін . Оған әр кез қолғабыс болып жүргенді ұнатамын. Әр отбасы шағын мемлекет деп айтады ғой ,сол сияқты бізде шағын мемлекетпіз. Үйде болған қандайда бір мәселені бірігіп шешеміз .Бір -біріміздің оймызбен санасып ,ақылдасып жатамыз . А тәлім-тәрбиені ең бірінші сол отбасынан алады . Отбасыңнын болуы ол әр кез сенің қамқоршы жандарыңнын болғаны.
Қазақ халық поэзиясының алыбы атанған Жамбыл Жабаев 1846 жылы «Байғара, Жамбыл, Ханда мен туыппын, Жамбыл деп қойылыпты атым сонан» деп ақынның өзі айтқандай қазіргі Жамбыл облысы, Шу өзені бойындағы (Шу ауданы) Жамбыл тауының етегінде Жапа деген қыстауда ақпан айының боранды күндерінің бірінде дүниеге келген. Бұл кез ақынның «Менің өмірім» өлеңінде:
Көз аштым, сорғалаған қанды көрдім, Қамыққан, қанды жасты жанды көрдім, Ел көрдім – еңіреп босқан аңды көрдім, Қойнында Алатаудың зарды көрдім, – деп айтқандай ел ішіндегі әлеуметтік жағдайдың меңдеп тұрған тұсы еді. Бұл – Жетісу өңірінің Қоқан хандығына қарап тұрған шақтағы ел басқарудағы жолсыздықтың шектен шыққан кезі еді. Бір жағынан ақ патшаның, екінші жағынан жергілікті ел билеушілердің мөлшерден тыс алым-салығы бұқара халықты титықтатып тастап еді. Қалың бұқараның дені жоқ-жітікпен, бірде аш, бірде тоқ болып өлдім-талдыммен күнелтіп жатқан тұсында дүниеге келген ақын сол тұстағы ел өмірінің жанды картинасын қазақ поэзиясына шынайы қалпында алып келді.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota
Оформи подписку