Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры 1991 жылы Ғ.Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқты" трагедиясымен ашылған.
Театрлық ұйымдастырушысы, көркемдік жетекшісі, әрі бас режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері - Ж.Омаров болды.
Алғашқы қойылымды театрдың негізін қалаушы дарынды режиссер Жақып Омаров сахналады. Театр өзінің алғашқы жүлдесін 1996 жылы Уфа қаласында Түркітілдес мемлекеттер арасында өткен Халықаралық «Туғанлық» театр фестивалінде алды. Онда Ш. Хұсайыновтың «Алдар Көсе» музыкалық комедиясы лауреат атанды.
1996 жылы театрға КСРО халық артисі, КСРО мемлекеттік сыйлығының иегері Қалыбек Қуанышбаевтың есімі берілді.
2011 жылы 14 желтоқсанда Театр ұжымына «Мемлекеттік академиялық театр» мәртебесі берілді.
НАУРЫЗ — көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», соғдылықтар «наусарыз», армяндар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар Һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мыс, парсы тілдес халықтар наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалак» ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою — «күн символын» салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.