даналеди
22.04.2023 01:45

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, жазба жұмысыңызда есімдік түрлерін, етістіктің шақтарын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз. Қуат көзін үнемдей білеміз бе?
Сізге пән мұғалімі қуат көзін үнемдейтін құрылғы туралы жоба жазуды тапсырды. Сіз өз жобаңызды жазып, қандай жаңалық аша аласыз? Жоба жазу кезіндегі әрекеттеріңізді күнделік етіп жазыңыз.

Астана – мәдениет пен өнер ордасы
Астана – бас қала. Жазғы каникулда Елордаға қыдырып келдіңіз. Қаланың көптеген мәдени, өнер ордаларымен таныстыңыз. Сізге қай мәдени орын ерекше әсер етті? Өз ойыңызды айтып, досыңызға хат жазыңыз. Хат құрылымын сақтаңыз.

Қазақстан қорықтары
Елімізде бірнеше қорық бар. Ал осы қорықтар қоғамға пайдалы ма, зиян ба? Өз ойыңызды дәлелдеп, эссе түрінде жазыңыз. Эссе құрылымын сақтаңыз.

Ұсынылатын тақырыптар
Еліміздегі бір қорық туралы айтып беріңіз.
«Қызыл кітап» не үшін қажет?
Астана «мәдениетті қала» деген пікірмен келісесіз бе?
Елордадағы бір өнер ордасы туралы айтып беріңіз.
Біздің халық қуат көзін дұрыс үнемдеп жатыр ма?
Қуат көзін үнемдеудің пайдасы бар ма? Неліктен?

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
ikoooo43
28.08.2022 03:04
1Тамақты қай жерде пайдалану керек?Тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек.
2,Тамақты қалай қабылдау керек? Тамақты асықпай ішу керек,. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.
3,Тамақтын режимын қалай сақтау керек? Тамақтану режимін сақтау керек. Тамақты жиі және аз мөлшерде қабылдау дұрыс (күніне 5 рет). Ұйықтар алдында екі сағат алдында тамақтанған жөн, онда тамақ жақсы қорытылып, ұйқы тыныш болады;
4 Тамақтан кейін неге шәй ішуге болмайды? Тамақтанған соң дереу шай ішуге болмайды. Шайдың құрамында темірді ыдырататын заттар болады. Шайдың орнына шырын ішкен жөн;
 5,Таңертеңгі асты неге мұқият қабылдау керек? Таңертеңгі асты мұқият қабылдау. Егер организм 10-12 сағат тамақ қабылдамаса, онда организмдегі қант азайып кетеді. Ертеңгі асты әшпесе,түсте артығымен қабылдайсың, нәтижесінде асқазанға ауыртпалық түсіресің.
0,0(0 оценок)
Ответ:
sdfsdfsddf
02.01.2021 09:19

Бастауышқа мысалдар.

Бастауыш - сөйлемде атау септік тұлғасында тұрып, ойдың иесі болатын тұрлаулы сөйлем мүшесі.

Мысалы: Жиналыс (не?) сағат жетіде аяқталды.

Анам (кім?) дүкеге кетті.

Кітаптар (нелер?) баспадан шықты.

Оқушылар (кімдер?) емтихан тапсырып жатыр.

Баяндауышқа мысалдар.

Баяндауыш - сөйлемде бастауыштың қимылын, ісін, жай-күйін, кім, не екенін білдіріп тұратын тұрлаулы сөйлем мүшесі.

Мысалы: Қоңырау соғылды (не істеді?).

Дүкеннен азық – түлік сатып алдым (не қылдым, не істедім?)

Арман әлі ұйықтап жатыр (не істеп жатыр?).

Пысықтауышқа мысалдар.

Пысықтауыш: етістіктен болған мүшенің қасиетін жан-жақты анықтайтын, яғни оның жай-күйін, сын-сипатын, мөлшерін, мезгіл-мекенін, себеп-мақсатын көрсетеді.

Мысалы: 1. Түске таман (қашан?) ол да келіп қалды. – мезгіл пысықтауыш

2. Ол үйге қарай (қалай қарай?) кетті. – мекен пысықтауыш

3. Володя қазақша (қалайша?) сөйледі. – амал пысықтауыш

4. Мен сені сағынып (не себепті?) келдім. – себеп пысықтауыш

5. Әсем дүкенге кітап алғалы (не мақсатпен?) келді. – мақсат пысықтауыш

Толықтауышқа мысалдар.

Толықтауыш: баяндауышқа қатынасты болып, қимыл-әрекеттің объектісін білдіреді. Атау септігі мен ілік септігінен басқа септік жалғауларының бірінде болады.

Мысалы: Атасы баласын (кімді?) шақырды.

Оған (кімге?) көмектесу керек.

Қасқырлар көк шолаққа (неге?) ауыз салды.

Мен Айданамен (кіммен?) сөйлесіп, кездесу туралы ұсыныс жасадым.

Анықтауышқа мысалдар.

Анықтауыш: сөздің сынын,қасиетін, белгісін, басқа да сипаттарын білдіреді.

Мысалы: Зейнептің көздері үлкен (қандай?), кірпіктері ұзын (қандай?).

Оқыған (қандай? Қай?) кітаптарым мені іске бастады.

Жаңадан тұрғызылып жатқан (қандай?) үй осы жылдың аяғына дейін тұрғындарға тапсырылады.

Ашынған (қайткен? қандай?)әйел мән - жайын айтады.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота