Алтынемел - Жетісу Алатауында орналасқан ұлттық саябақ. Негізі 1996 жылы қаланған. Бақтың құрамына Қапшағай бөгенінің солтүстігі бөлігі мен Іле өзенінің оң жағалауы, Жетісу сілемдері: Кіші және Үлкен Қалқан, Ақтау, Қатутау, Дегерес, Матай, Шолақ, Қояндытау таулары және өте сирек кездесетін табиғат ескерткішінің бірі – «Әнші құм» кіреді. Әсіресе «Әнші құм» жер шарының түкпір-түкпірінен келген туристтерді таң қалдыруда. Саябақта бірнеше туристік маршруттар жұмыс істейді.
Бақтың климаты қатаң континенттік, қысы суық, жазы ыстық. Сол себепті мекендейтің жануар да, бақта өсетін өсімдіктер де табиғат жағдайларына керемет бейімделген.Саябақ археологиялық ескерткіштер мен ежелгі таңбалар және суреттер салынған үңгірлермен тастарға бай. Бақтың сан алуан керемет табиғатын сақтау барша еліміздің азаматтарының міндеті.
Хасан Алпысбаев (6.11.1928, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 30.4.1978, Алматы) — ғалым, Қазақстандағы тас дәуірі археологиясының негізін қалаушы, алғашқы қазақ археологтарының бірі.
1950 жылы Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетін бітірген. Алпысбаев өмірінің соңына дейін Қазақстан FA Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтында қызмет атқарды. 1957—1960 жылы Қаратау палеолит отрядын, 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан кешенді археологиялық экспедициясының тас дәуірін зерттеумен шұғылданатын отрядын басқарды. Қаратау өңірінен 200-ден аса тас дәуірі тұрақтарын тауып, ғылыми айналымға енгізген. Отырар алқабындағы Жаңашілік, Маятас, Шілік, Тасқотан, т.б. көптеген ескерткіштерді ашып, зерттеген. Оңтүстік Қазақстан өңірі ежелгі адамдар мәдениетін сипаттайтын ірі ошақтардың бірі болғандығын ғылыми тұрғыдан дәлелдеген