terentevvadim33
16.10.2020 06:17

ОҚЫЛЫМ. Мәтінді оқып, тапсырмаларды орындау. Жер шарында пайдалы қазбалардың түрі өте көп. Бірақ бұл – «олар ешқашан сарқылмайды» деген сөз емес. Ғалымдарымыздың айтуынша, әсіресе, бүгінде мұнай мен газдың қоры азайып барады. Сондықтан энергияны үнемді қолдана отырып, тікелей бәсекеге түсе алатын бірнеше энергия түрлерін пайдаланудың маңызы өте зор: атом, су, жел, күн, т.б.
Күн энергетикасы дегеніміз – дәстүрлі емес энергетика бағыттарының бірі. Ол күннің сәулеленуін пайдаланып қандай да бір түрдегі энергияны алуға негізделген. Күн энергетикасы энергия көзінің сарқылмайтын түрі болып табылады, әрі экологиялық жағынан да зияны жоқ. Күннің сәулеленуі – Жердегі энергия көзінің негізгі түрі. Күн энергиясын атап айтсақ, артықшылықтары: күн энергиясы бәріне қолжетімді; сарқылмайды; қоршаған ортаға қауіпсіз;
Күн энергиясын өз мақсатымыз үшін пайдаланудың болашағы зор.

1-тапсырма:
1-Мәтіннің негізгі ойын анықтаңыз.
2. Синоним сөздерді анықтаңыз: А-тұтыну,пайдалану.
Б-қуат,қауіп.
С- жер, қазба. Д- пайда ,зиян
3 Антоним сөздерді анықтаңыз: А-тұтыну,пайдалану.
Б-қуат,қауіп. С- жер, қазба. Д- пайда ,зиян
4.Мәтіннен баламалы қуат көздерін атаңыз
атом, су, жел, күн.
5.Күн энергетикасының артықшылықтары қандай?
6.Мәтінде жауабы жоқ сұрақты белгілеңіз:А-Қазақстанда күн қуаты пайдалана ма? Б-Күн энеретикасы дегеніміз –не? С-Қандай энергияның болашағы зор?

2-тапсырма. Мәтіннен есімдіктерді жазып алыңдар. Есімдіктердің түрлерін анықтаңдар.

ЖАЗЫЛЫМ.
3-тапсырма. Бір жағдаятты таңдап, түсініктеме жазыңдар.
Жағдаяттар:
Оқушы сабақтан кетіп қалды.
Оқушы мектепте тәртіп бұзды.
Студент емтиханға келмеген.

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
незнайка3431
19.08.2020 01:25

1994 жылы алғашқы алтын алтын тәуелсіз Қазақстан алды. Сол кезде белгілі болған шаңғышы Владимир Смирнов жеңіске жетті. Ол 50 шақырымға созылған классикалық жарыста жеңіске жетті, 1998 жылы Жапониядан екі қола медаль алып, Атлантада өткен 1996 жылғы жарыста Қазақстан 24-ші орынға ие болды. Алтын жеңіп алды: боксшы Василий Жиров, грек-рим күресі бойынша әлем чемпионы атанған Александр Парыгин мен Юрий Мельниченко, 4 күміс және қола медальді жеңіп алды. Қазақстандық боксшылар Болат Жұмаділов, Ермахан Ибраимов пен Болат Ниязымбетов үздік өнер көрсетті.

0,0(0 оценок)
Ответ:
daridolgova
19.08.2020 01:25

Әрине, әрбір өткен заманды, әрбір кезеңді жырлап келе жатқан кітап еш уақытта құндылығын жоймақ емес. Себебі кітап-алдыңғы шептің кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасы, көңілге түрлі ой түйгізетін, рухани жағынан есейтетін жан азығы. Осы уақытқа дейін білімнің бәрі кітапта ғана болып келді. Әйтсе де, атам қазақтың «уақыт керуеніне бөгет жоқ» дегені рас. Бүгінгі күні кешегі бабалары­мыздың шамның жарығымен кітап оқу ескі заманы артта қалып, жаңа техноло­гиялардың саны артып, ғылым да күннен-күнге даму үстінде. Соның бір парасы «әлемді торлаған ғаламтор». Болашағы зор ғаламтордың пайда болғанынан бері, халық кітап оқудан қалды деуге болады. Өйткені бұрындары әрқайсысы жеке-жеке ұсынылатын аудио, бейне жазбалар, суреттер, әндер, оқулықтар, әдебиеттерді қазір бір ғана ғаламтордан-ақ пайдалана аласың. Қаншама қажеттіліктің бір жерде шоғырлануы халық үшін тиімді, әрине. Ендеше, ғаламтордың да пайдасын жоққа шығаруға болмайды. Сол арқылы біз басқа елдермен де байланысқа шығамыз, көптеген деректерге қанығамыз және ға­лам­тор еліміздің, әлемнің түкпір-түкпірін­де орын алып жатқан оқиғаларды, жаңа­лық­тарды тез жеткізуші. Ғаламторда том-том кітаптардың ықшамдалған нұс­қасын оқуға мүмкіндік бар. Әрине, онысы уақыт үнемділігі үшін жақсы. Дегенмен монитор алдында көсіліп отыра берсек, бас ауырып, көру қабілет те нашарлайтыны анық. Жалпы, компьютердің зияны туралы мақалалар өткен ғасырдың сексенінші жылдарынан бастап жарық көрген. Соған байланысты бүгінгі таңда «Кітаптың пайдасы мол ма? Ғаламтордың қандай пайдасы бар?» деген сауалды мамандарға жолдадық.

Объяснение:

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота