vgizovskaya
21.05.2021 03:13

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыны. Бұрынғы заманда малға өте бай бір ел болыпты. Бұл жердің тұрғындарының «Біздің отбасымыз бен малымызды қорғайтын батырымыз болса екен», - деген жалғыз армандары болыпты. Күндердің күнінде бір отбасында алып бала дүниеге келеді. Ел- жұрт жиналып, үлкен той жасайды. Балаға Толағай деп ат қояды. Сол нәресте жыл сайын емес, күн сайын ержете бастайды. Бір жылы жаңбыр жаумай, шөп шықпай, малдар кырыла бастайды. Халықтың басына түскен қиындықты уайымдаған Толағай Дана деген аксакалға барып, акыл сұрапты. Сонда қарт айтқан екен:- Толағай, біздің жерімізде тау жок, бұлт келмейді. Сондықтан жаңбыр жаумайды, - дейді. Толағай:- Ата, сіз руксат етсеңіз, бір жерден тау арқалап алып келсем бола ма? - дейді. Қарт Толағайға риза болып, рұқсатын береді. Арада ай өтеді, жыл өтеді. Бір күні Толағай Тарбағатай тауына жетіп, төменде орналасқан кішірек тауды арқасына салып алады. Арада біраз уақыт өткен соң, Толағай әлсірей бастайды. Ауылына жақындап қалғанда тізесі бүгіліп, құлап түседі. Еліне жаңбыр сыйлаған батыр осылай таудың астында мәңгі ұйқыға кетеді. Содан бері ол тауды ел «Толағай» деп атап кетіпті. Жаңбыр жауған сайын жұрт Толағайды есіне алады екен.


1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтін мазмұнына сай берілген дұрыс ақпараттарды ажыратыны. Бұрынғы

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Популярные вопросы:
Ответ:
AZIMJON11
01.01.2022 19:49

Шаңырақ қазақ халқының күнделікті тіршілігінде, мәдени өмірінде ерекше орынға ие болуымен қатар, ол ұлттық санамызда сан түрлі қырынан танылып, тілімізде де өзіндік көрініс тауып келеді. Негізінен, тілдік ұжым шаңырақты ең алдымен киіз үйдің құрылымдық бөлігі ретінде қабылдап, одан соң ақиқат дүниені, қоршаған ортаны тану арқылы оған жақын мағыналармен байланыстырып танымдық, тілдік тұрғыда бейнелейді. Шаңырақ – 1. этн. киіз үйдің уықтарын біріктіріп ұстап тұратын күлдіреуіштері бар дөңгелек шеңбер; 2. ауыс. Өзінің туған тұрғын үйі; 3. ауыс. Орда, мекен; 4. ауыс. Әулет, үрім-бұтақ; 5. ауыс. Отбасы, жанұя (ҚС, 1390 б.). Ә.Нұрмағамбетов бұл сөздің «түпкі тегі моңғол тілдерінен деп жобалаймыз. Жазба моңғол тілінде – «чағарығ», қазіргі моңғолдарда – «цагариг», буряттарда «сахариг» тұлғалары біздегі «шеңбер», «құрсау» орнына жұмсалады» дей келе, «моңғолдардағы осы тұлға басқа түркі тілдеріне өткенде шеңбер қалпындағы заттарға атау болып тағылғандығын мына бір деректер анықтайды: якут тілінде «күмбез» мағынасын «чампырық» тұлғасы берсе, бізде киіз үй жабдығының бірі – шаңырақ. 

0,0(0 оценок)
Ответ:
kmurtazalieva72
17.06.2020 18:53

Әдемілік. Сіздің түсінігіңіз бойынша ол не? «Әдемі қыз» - бойы ұзын, арық, бота көз, қиғаш қасты ару. Демек, сұлулықтың сипаттамасы бар екен. Қазіргі қыздарды шыны керек бір-бірінен ажырату қиын. Бәрі де айналып келіп «әдемі қыз» образына жүгіреді. Қара қыздар ағарады, қастарын бір формаға келтіріп, қиғаштау  үшін жұлады, ұзару үшін аяқтың азабы болған өкшені киеді, көздерін үлкейту үшін бояйды. Міне, бояну, әдемілену деген осы. Ешкім де қараю үшін, не көзін кішірейткісі келіп бояуды жақпайды. Барлық қыздың ойындағы «әдемі қыз» образы тек осы жалғыз тип, бәрінің де бетінде бір бетперде.

0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота