LilGirl1
31.07.2020 10:32

5 тапсырма, казахский язык


5 тапсырма, казахский язык

Нажмите на рекламу ниже и сразу увидите ответ
Ответ:
Morkvap5
05.05.2020 14:51

Объяснение:

Тіршілік заңдылығы бойынша, жарық дүниеге келген әрбір адам өмірге өз парызымен келеді. Ол өмір сүру, шама-шарқынша қоғам дамуына ықпал ету, генетикалық тұрғыдан адамзат қоғамының тектік қорына үлес қосу. Мақала кейіпкері, менің әжем Мәриамкүл Болатайқызы бір әулеттің ынтымақ-бірлігін уысында ұстаған, ауылдың ырыс-берекесіне мұрындық болған, балаларын ел азаматы деңгейіне жеткізіп, өрелі немере-шөбере, шөпшек өрбіткен асыл ана. Аналық парызы өз алдына, әке орнына әке бола білген «тәубесінен жаңылмай, тәуекелінен тайынбай» бір әулеттің көшін өрге тартқан қажырлы жан. Мәриамкүл әжемнің жеті баласынан тараған ұрпақтары бұл күнде қара ормандай қалың бір қауым елге айналған. 

«Көзден кетсе, көңілден болады ұмыт» дегендей, толассыз тіршілік күйбеңімен уақыттың зулап өткенін байқамай да қаласың. Дегенмен, көңілде мықтап сақталатын аяулы жандар да бар екенін мойындау керек. Сондай жандардың бірі – менің әжем Мәриамкүл Болатай қажы қызы. Әжемізді бүкіл әулет, тұтастай ауыл, әкеміз де «апа» деп атаушы еді. Жарқын жүзінен шуақ шашылған, жүрегі махаббат пен шапағаттан жаралған апам марқұм ақ батасымен, шын пейілімен ұрпағының тілеуін тілеп, айналасын мейіріммен нұрландырып отыратын. Арайлап атқан таңмен жарыса тұрып, Алладан ұрпағының амандығын тілеп, ырызғысын сұрап жалбарынатын, күндіз дастарқанға берген ықыласында да алақан жайып Алладан ұрпағының амандығын, несібесін тілеп, жатарда да осы тілегін қайталап айтып, мінәжат етіп жүретін.

Әжем – табиғатынан жан дүниесі мен келбеті үйлесім тапқан ажарлы, бітімі бөлек, ойы зерек, талғамы терең зиялы жан еді. Табиғат заңдылығы бойынша күллі тіршілік иесі ұрпақ өрбіту, оны баулып өсіру, тәрбие беру тәсілдерін тектік деңгейде жадында ұстап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын қамтамасыз ететіні белгілі жайт. Тек арқылы берілген тәрбие адам дамуының өзекті мәселесі, басқа тәрбиелердің ықпалын қабылдау тектілік тегеуріне тікелей байланыс­ты. Тектілік ұялаған әулетте бойжеткен апам жеті атасынан қаракөк үзілмеген отбасына келін болып түсті. Жаратқанның маңдайға жазған сыйы болар. Намазын қаза қылмаған әжем, Аллаға мінәжат жасап, тынымсыз тірлігімен отбасы ырысын қамдап, ауылдың берекесін байырқалатты. Алладан мейір, ағайын-туыстан пейіл сұрап, ұрпағының тілеушісі болды. Әжем әулеттің түп қазығы, ұйытқысы бола білді. Ес білгенде көңілге түйгенім, әулет қана емес, ауыл құрметіне бөленген, ағайын туыстың тірегіне айналған абыз жан болды. Балалары, жасы үлкен-кіші 

0,0(0 оценок)
Ответ:
den4ik22855
23.06.2020 06:14
                                         1 сочинение 
Алматы метрополитені — Алматы қаласында салынып жатқан метрополитен жүйесі. Алғашқы бөлігі 2011 ж. 1 желтоқсанда ашылды. Заманауи технологияларды енгізу бойынша жоспарды жүзеге асыру үшін Алматы метрополитенін салу барысында «Herrenknecht AG» неміс компаниясының «Herrenknecht S-320» жоғары өндірісті тоннел қазушы кешені сатып алынған. Алматы метрополитені еліміз үшін стратегиялық маңызды нысан болып табылады. Жоба бойынша, метроның алғашқы кезегі Фурманов пен Райымбек даңғылының қиылысы мен Абай және Гагарин көшелерінің қиылысын жалғайды. Бұл жұмыстар ресейлік «Лайтон» ААҚ қоғамының еншісінде. Туннельдерде рельс салу, бейне-теле бақылау жұмыстары да ресейліктердің еншісінде Алматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 16-шы немесе 17-ші метрополитен болды. Алғашқы кезеңде вагондарды жөндеу мен техникалық тұрғыдан қызмет көрсету жұмыстары депода жүргізіледі. «2012 жылы Алматы метросындағы жолаушылар ағымы тәулігіне орташа есеппен 30-40 мың адам болады, кейінірек 2015-2020 жылдары бұл көрсеткіш 300 000 адамға дейін жетеді» деген болжам бар. Бұл мәліметтерді «Алматыметроқұрылыс» АҚ директоры Мұрат Үкшебаев мырза да растады. Алматы метрополитені 2011 жылдың желтоқсан айында, Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында пайдалануға берілді .[1] Алматы метросының жолаушылар тасымалдау мүмкіндігіне сараптама жасаған зерттеу институты тәулігіне 300 мың жолаушы тасымалдай алады деп болжаған еді.
                                    или 2 сочинение 
Алматы қаласының 2020 жылға дейінгі даму кезеңінің бас жоспары Алматының қала құрылысын дамытуды жоспарлаудың негізгі құжаты болып табылады.

Алматы қаласын дамытудың бас жоспарының басты мақсаты – экологиялық жағынан қолайлы, қауіпсіз және әлеуметтік тұрғыдан ыңғайлы тіршілік ортасын құруға бағытталған кешенді қала құрылысы шараларын жүргізу.

Бас жоспардың негізгі архитектуралық-қала құрылысы идеясы: Алматы қаласының «қала-бақ» бейнесін сақтау және қалыптастыру.

Жоспарға сай Алматы қаласы халқының 2020 жылғы кезеңге дейінгі болжамды саны Алматыдағы, Алматы облысындағы және жалпы Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістің тұрақтылығымен және инерциясымен анықталады. Бұның ішінде барынша тұрақтысы Алматы халқының жиынтық санының болжамы болып табылады. Бұған Алматы қаласының өзінің тұрақты тұрғындары және уақытша мекендейтін халқы жатады. Алматының жиынтық халқының болашақ саны барынша ықтимал болжам нұсқасы бойынша 1500 мың адамды құрайды, оның ішінде тұрақты тұратын халық саны – 1300 мың адам, уақытша – 200 мың адам.

Тұрғылықты ортаны жан-жақты қалыптастырудың негізгі бағыттары орташа алғанда 1 адамды 22 шарша м. тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейін жеткізуді көздейді. Сөйтіп қаланың бүкіл тұрғын үй қорын 27,5 млн. м2-қа дейін ұлғайту көзделуде. Құрылыс 1,1 мың га (жалпы алаңы 2,42 млн. м2) бос тұрған аумаққа да, сол сияқты тозығы жеткен тұрғын үйлерді сүру және құрылыс алаңдарын барынша тиімді пайдалану есебінен реконструкцияланатын 1,8 мың га (жалпы алаңы 5,27 млн. м2) алаңға да жүргізілетін болады. Жеке тұрғын үй құрылысының үлесі бүкіл кезеңде тұрғын үй құрылысының жалпы көлемінің 37%-ін құрайды.

Бас жоспар қаланың көлік құрылымын қолданыстағы жолдарға жаңа кең магистралдар, айналма автомобиль жолдарын, көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету желілерін, автокөпірлер, жол өткелдерін, эстакадалар және т. б. қосу арқылы дамытуды және жетілдіруді көздейді.

Көше-жол желілерін дамыту негізіне біртұтас қалалық жүрдек жолдар жүйесін және қалалық маңызы бар магистралдар құру алынған. Бұлар кейіннен қозғалысы үздіксіз және реттелетін магистралдарға дифференциацияланады.

Қала орталығынан көліктердің транзиттік ағынын сейілту үшін бас жоспарда қаланың негізгі жерлері мен оның орталық бөлігін орап үздіксіз қозғалыс жасауға мүмкіндік беретін шеңбер жолдар жүйесі көзделген.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота