Саулық- байлық негізі.
денсаулық. Деннің саулығы, жанның тазалығы ұзақ өмірмен жарқын күндердің себепшісі болып табылады. Шыны керек денсаулықтың қаншалықты өз организмімізге қажет екенін біздің ата – бабаларымыз ежелден-ақ түсінген және қадіріне жете білген. Сол себепті «Басты байлық- денсаулық» деп, бекер айтып кетпеген болар. Бұл тұрғыда біз ең бірінші дені сау адам қандай болу керек, жалпы қазіргі күні денсаулықтың қадірін жіті түсініп жүрмізба? Дені сау ұрпақтың келбеті қандай? Осы сұрақтардың жауабын бірге білсек
Дені сау адам, ол, ең бірінші ішкі жан дүниесі таза, көрсеқызарлық, көреалмаушылық, қызғаншақтық сияқты артық ойлардан аулақ болу керек. Себебі, адам ең бірінші ішкі жан дүниесімен өз келбетін қалыптастырады. Сіз қаншалықты спортпен айналыссаңызда ішкі ой- сана, сезіміңіздің жағымсыз тұстарының кесірінен өмірдің қарасын ғана көре аласыз. Сондықтан мейлінші жаман ойлардан аулақ болуымыз шарт.
Айы оңынан туды - бұл фразеологиялық тіркес адамның дегеніне жетті, жолы болды, сәті түсіп, ісі оңғарылды деген мағынаны білдіреді. Ауызекі тілде жиі колданылатын тіркес басқадай жағдайда көшпелі қазағуар адамдардың аузынан «айың оңыңнан тусын!» деген бата-тілек ретінде айтылады және оның мәні жолың болсын, өмірлі бол дегенге саяды. «Айың оңыңнан тусын!» деген тіркес пен «айың тусын!», «жаңа айың тусын!» деп келетін тіркестер өзара мәндес. Ай толып, бірінші ширегі біткен соң айдың жартысы екінші шетінен бастап азаяды. Келе-келе ай екінші жағынан жартыланады, бұл жарты ай. Онан кейін жеті күн откенде ай күннің тұсына барады.